Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқынымен анықталады. Жүктеменің жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспе бөлімнен кейін тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткіш бойынша сипатталады, жалпы дамыту жаттығуларынан кейін – 50%-дан кем емес, негізгі қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес, қозғалыс ойындардан кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңында тамыр соғысы бастапқы деңгейге дейін қалпына келеді, не болмаса одан 15–20% жоғары болады.
Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау
көрсету жалғасады