Дене тәрбиенің мақсаты, оның тарихи және таптық сипаты. Тәрбиенің көп түрлі мақсаттары
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ «Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі
Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды
Оқыту мақсаты:
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл- қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.