Жылдарға арналған бағыт – бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі



Дата04.07.2018
өлшемі53,05 Kb.
#47197
Ақтөбе облысындағы тәрбие жұмыстарының

2013-2020 жылдарға арналған

БАҒЫТ – БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ мазмұны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2015 жылдың «22» сәуірдегі

227 бұйрығымен



бекітілген

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІМЕН күшейтілді

(Ақтөбе облысының білім басқармасының 2015 жылдың 01. 09 № 733 бұйрығымен

бекітілген)






Ақтөбе облысында тәрбие жұмыстарының

2013-2020 жылдарға арналған

БАҒЫТ - БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мақсаты - әртүрлі типті білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесін қажетті ғылыми- әдістемелік, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық және басқа да жағдайлармен қамтамасыз ету; олардың қызметтерін реттеу, жеке тұлға құзыреттілігінің әлеуметтік және мәдени дамуына, қоғамда өзін-өзі таныта білуіне жәрдемдесу, адами - азаматтылықты, отбасылы ата-ананы, кәсіби-маманды қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. қазақстандық қоғамда білім беру жүйесіндегі тәрбиенің әлеуметтік беделінің жоғарылауы;

білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің қызметін нығайту және дамыту, тәрбие субъектісі құрамын кеңейту, олардың координациясын күшейту, отбасы және білім беру мекемелерінің өзара іс-әрекетін нығайту;

тәрбие үрдісін басқаруда демократиялық стильдің дамуы;

этноаралық және ұлтаралық қатынастар мәдениетін көтеру;

әлеуметтік - мәдениеттік және ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, аймақтық және басқа да тәрбие жүйелерін қалыптастыру;

тәрбие беру үрдісінде отандық дәстүрлер мен қазіргі заманғы тәжірибелерді пайдалану;

тәрбие беру үрдісіндегі педагогикалық тәжірибеге қазіргі заманғы жетістіктерді белсенді енгізу;

адамгершілік қағидаларының дамуы, азаматтық, адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен механизмі;

білім басқармасы мекемелерінде және білім үрдісін ұйымдастыруда ата-аналардың құқықтарының «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылуына ықпал ету;

бала тәрбиесіндегі мәселелерді шешуде ата –аналарға қолдау көрсету, ата-аналардың психологиялық- педагогикалық танымын дамыту;

балалардың құқығы туралы ООН Конвенциясына сәйкес балалар құқығына дәлелді қарым-қатынас қалыптастыру;

балаларды тәрбиелеуде отбасы рөлін күшейту;

балалардың психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік оңалту жүйесін құру;

балалар мен жастар тәрбиесінің өзекті мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жүргізілетін жұмыс деңгейін көтеру;


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері



Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

Міндеттері:

  1. білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-

дың күшін біріктіру;

қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;

білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі

мен сабақтастығын қамтамасыз ету.



Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асырумеханизмдері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.

Патриоттық тәрбие беру

Мақсаты: Азаматтарда жоғары деңгейде патриоттық сезімді, өз елімен мақтан етуді, азаматтық борышын адал орындауға тәрбиелеу және Отанды қорғауға қонституциялық міндеттерді қалыптастыру.

Міндеттері:

өз жерінің, Отанының және әлемдік өркениеттің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін тереңдету және дамыту;

Отанға деген, оның өткені мен бүгініне, кешегіне әлемдегі Қазақстанның ролі мен тарихи құндылық негіздерінде саналы түрде қарым – қатынас қалыптастыру;

азаматтық сезімді мен қасиеттерді қалыптастыра отырып дамыту: патриотизмді, интернационалдықты, борыштық сезімі мен әлеуметтік жауапкершілікті;

Әр балада азаматтық көзқарасты жүзеге асыруда оңтайлы жағдай туғызу, тәжірибені және азаматтық мәдениетті , әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру;

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;

басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;


құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;


заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;

әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.


Іске асыру механизмдері


Сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріменкездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.



Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Қазақ халқының ерлік істері» (Білім күні)

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

"Қазақ хандығына -550 жыл"

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

3

"Менің ауылым"

жоба




Тлеуова М.Е.

4

«Заң алдында бәрі тең

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.


Отбасылық тәрбие

Мақсаты: қоғамдағы отбасының ролін жоғарлату, жастар арасында отбасы құндылықтары мен салт – дәстүрлерін, аналық , әкелік рольдерді кең көлемде насихаттау және отбасылық тәрбиені білім жүйесіне үздіксіз іс-әрекет ретінде енгізу.

Міндеттері :

-отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін күшейту;

балалар мен жастарға өмірде адамгершілік таңдауды және шешімді қабылдауды үйрету;

-салауатты өмір салтын, дамытуға ұмтылу, физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулықты қамтамасыз ету;

еңбекқорлықты дамыту, еңбекке деген күш – қуатын, дағдысын күшейту және физикалық, еңбектегі ақыл – ой қысымын мойынсыну;

-баланың қабілеттерін, қызығушылығы мен икемін анықтау, жас адамдарға өзінің кәсіптік деңгейін анықтауға көмектесу;

-балада және жастарда күнделікті отбасылық мәдени қарым – қатынастың әдістерін қалыптастыру;

-отбасында жақсы психологиялық хал – ахуалдың қалыптасуына ықпал ету;

-мектеп, отбасы және қоғам арасында үйлесімділік қарым – қатынасын орнату, балаларда және жастарда рухани – адамгершілік тәрбиені ерікті іс –әрекеттік мінез – құлықты қамтамасыз етеді;

Отбасылық тәрбиенің мақсаты мен міндетін шешу үшін жаңашылдық әдістерді, амалдарды, отбасылық тәрбиенің формасын белсенді түрде іздеу қажет және жақсы ұлттық отбасылық салт – дәстүрлерді қамтамасыз ету.



Отбасы тәрбиесі

Мақсаты:

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

этноәлеуметтік рөлдерге;

өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға;

адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және некеқұндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.

Іске асыру механизмдері

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясындаата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.





Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

"Отбасым -бақыт мекенім"\отбасымен бірге\

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

Ана өмірдің шуағы .

Дөңгелек үстел




Тлеуова М.Е.

3

Ата-ананың азаматық борышы: бүгін және болашақ

\Ата-аналармен бірге \



Пікір алысу




Тлеуова М.Е.

4














Ұлттық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.



Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

өз халқының мәдени мұрасына;

қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

Қазақстанның этномәдениетіне;

этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.



Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру

Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.



Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Менің Қазақстаным»

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

«Атажұрт» танымдық сайыс

сайыс




Тлеуова М.Е.

3

«Менің елімнің тарихы»»

байқау




Тлеуова М.Е.

4

«Рәміздерім- қазақ елінің нышандары»

сайыс




Тлеуова М.Е.

Рухани – адамгершілік тәрбие және эстетикалық тәрбие

Мақсаты: балаларда және жастарда рухани – адамгершілік сезімді және көп ұлтты Қазақстан халқымен қарым - қатынасынмәдени – тарихи құндылықтарды көркем – эстетикалық қабылдауы арқылы (әдет – ғұрып, салт – дәстүрлер, рухани – адамгершілік көркем мазмұнды және т.б.) қабылдау санасынқалыптастыру.

Міндеттері:

-оқушыларға пікірді өңдеуге көмектесу, оны ойлауға, өмірді бағалай білуге және рухани

- адамгершіліктің мағыналарын түсінуге;

-тәрбиеленушіні рухани – адамгершілікке жеке тұлға ретінде дайындалуға қолдау көрсету, тез аяқ астынан өзгеретін жағдайлардан өтуді қолдау;

-адам туралы, біртұтас әлемнің көрінісін қалыптастырып, жағдай жасауды қамтамасыз ету;

-шабыт беру, жеке тұлғаны өзін – өзі тәрбиелеуге ұмтылу, адамгершілікті жоғарлату және рухани даму: ұят, жакындарына деген сүйіспеншілік, әлсіздерге, науқас адамдарға көмек беруге дайын тұру және т.б.;

күнде барлық оқу – тәрбие процесінде оқушыларға жан – жақты күш беру;

Рухани-адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты

көпшілік айыптауы көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді.
Мақсаты:

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;

өзінің қасиетіне, арына және парызына;

ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет

ғұрпына;

діни құндылықтарға;

ой, сөз және іс бірлігіне;

өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;

ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;

адамдарға риясыз қызмет етуіне;

өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім

білдіру.

Іске асыру механизмдері

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.





Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Жақсылыққа-жақсылыққа -адамдықтың белгісі»

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

«Мейірім»

тренинг




Тлеуова М.Е.

3

«Сыйластық – мәдениеттілік биік шыңы»

Пікір алысу




Тлеуова М.Е.

4

«Өзіңді сыйлау-өзгені сыйлай білуің»

тренинг




Тлеуова М.Е.

Саяси және құқықтық тәрбие беру

Мақсаты: балаларда және жастарда құқықтық сананы қалыптастыру, ақпараттар арқылы саяси ойлау қабілеттерін , өз ойларынша сараптауды, жағдаяттарды бағалау, алған біліктерді өмір жағдаяттарында қолдана білу.



Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Алғашқы президент күні»

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

«Қазақстан Республикасының -Ата заңы »

жоба




Тлеуова М.Е.

3

«Менің құқықтарым»

сайыс




Тлеуова М.Е.

4

« Абылай хан - саясаткер»

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.


Рухани-адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты

көпшілік айыптауы көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді.
Мақсаты:

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;

өзінің қасиетіне, арына және парызына;

ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет

ғұрпына;

діни құндылықтарға;

ой, сөз және іс бірлігіне;

өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;

ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;

адамдарға риясыз қызмет етуіне;

өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім

білдіру.

Іске асыру механизмдері

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.





Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!»

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

«Имандылық- қастерлі қасиет.»

Дөңгелек үстел




Тлеуова М.Е.

3

«Жақсы сөз –жарым ырыс»

Пікір алысу




Тлеуова М.Е.


Көпмәдени тәрбие

Мақсаты: жалпы адами қасиеттердің негізінде көпмәдени тұлғаны қалыптастыру, оның ішінде өзара түсіністік, татулық, сыйластық, толеранттық, қоршаған ортамен өнімді қызмет ету секілді қасиеттер арқылы ( өмір сүруге көмек беру, өз-өзіне, айналаға, бүкіл әлемге құрметпен қарау).

Міндеті: ұлтаралық келісім мен толеранттықты нығайту үшін іс – шаралар кешенін қамтамасыз ету.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

толеранттық және ғаламдық пікірге;

көпмәдениеттілік және көптілділікке;

мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;

мәдениетаралық әрекетке;

қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық

нормаларына;

қарым-қатынас мәдениетіне;

эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;

шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлі бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.





Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

« Қазақстан халқы Ассамблеясына -20жыл »

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

«Сөйлеу мәдениеті»

Пікір талас




Тлеуова М.Е.

3

« Этика және эстетика »

Тренинг




Тлеуова М.Е.

4

"Әсемдік қыздарға жарасады"

сайыс




Тлеуова М.Е.


Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу

Мақсаты: Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдай алатын өскелең ұрпақты тәрбиелеу, тың идеяларға бастап, мүмкіндіктерді байқату.

Міндеті:

-адамның рухани негізі болып саналатын еңбекке деген адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

-балалар мен жасөспірімдерді еңбектенуге баулу,

-еңбектенудің барлық қыр-сырын меңгерту.

-өмірдегі ең бір асыл қасиеттердің бірі ретінде еңбек етуге баулу, терең теориялық білімді практика жүзінде байқату.

-ең жоғары моральдық қасиеттерді тәрбиелеу: еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, іскерлік, мақсат қойғыштыққа, сонымен қатар өз өмірін жақын арада, орташа және ұзақ мерзімге жоспарлай білуге тәрбиелеу;

-Ұйымдастырушылық қасиеттерді дамыту: жұмыс барысында ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, өзара түсіністікті және өзара көмек беруді дамыту мақсатында жарыстыру;

-еңбек барысында түрлі еңбек ету шарттары мен тәжірибелерімен қарулану;





Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Береке бастауы-тынымсыз еңбек»


Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

«Лидерде -21 қасиет»

тренинг




Тлеуова М.Е.

3

«Көшбасшылық қабілетін дамыту.»

Пікір алысу




Тлеуова М.Е.

4

«Көшбасшылық қасиеттері мен стильдері»


Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

Экологиялық және еңбек тәрбиесі

Мақсаты: экологиялық және еңбек мәдениетін қалыптастыру, әлемді тану, экологиялық және еңбек сауаттылығын жоғарылату, өмірдің ең маңызды саласы ретінде еңбекке баулу, жеңістерге қол жеткізуде еңбектің маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

- жеке тұлғаның рухани бейнесінің көрінісі жалпы адами құндылықтар негізінде еңбекке деген қарым-қатынасын қалыптастыру.

-балалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулу.

-еңбектің әдіс-тәсілдері мен ептілікке үйрету.

-өмірдің басты құндылықтарының бірі ретінде еңбекке деген оңтайлы қарым-қатынасты қалыптастыру, шығаршашылықпен жұмыс жасауға бағыттау, жинақтаған білімді іс жүзінде қолдануға ұмтылу.

-жоғары моральдық қасиеттерді тәрбиелеу: еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, іскерлік, мақсат қойғыштыққа, сонымен қатар өз өмірін жақын арада, орташа және ұзақ мерзімге жоспарлай білуге тәрбиелеу;

-ұйымдастырушылық қасиеттерді дамыту: жұмыс барысында ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, өзара түсіністікті және өзара көмек беруді дамыту мақсатында жарыстыру;

-еңбек барысында түрлі еңбек ету шарттары мен тәжірибелерімен қарулану;



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.



Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;

«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;

табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

кәсіби білім мен өнімді еңбекке;

нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас

қалыптастыру;

экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;

мамандық таңдауына;

үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.



Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.

Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуарқылы жүзеге асырылады



Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

Туған табиғатымызды көркейтейік.


Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

"Біз және экология"

Дөңгелек үстел




Тлеуова М.Е.

3

Ақтөбем-алтын бесігім

жоба




Тлеуова М.Е.

4














Зияткерлік тәрбие

Мақсаты: кәсіби қызметті тиімді басқару мен дамуы арқылы елімізде ұлттық зияткерліктің қалыптасу қызметіне жағдай жасау.

Міндеттері:


  1. Білім алуға құнды тәрбие беру, оқушының танымдық белсенділігін арттыру;

Оқу қызметіне оң дәлел беру;

Ғылым мен техника жетістіктеріне жақындасу, өздігінен білім алуға үйрену, танымдық қызығушылық пен қабілеттілігін дамытуға ұмтылу;

Ой еңбегін ғылыми ұйымдастыру негіздерін үйрену.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты:

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.



Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

өмір бойы білім алуына;

өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану

қабілетіне;

зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті-

лікті меңгеруіне;

пікірталас жүргізу дағдыларына;

жасампаз қызметке;

топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;

ақпарат көздерін сыни іріктеуге;

Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;

Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;

ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;

жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.


Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілікзаңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. элективті курстар жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.







Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

"Тарих тағылымы"

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

"Атажұрт"интеллектуалдық сайыс

сайыс




Тлеуова М.Е.

3

"Менің елі м-туған жерім"

Пікір талас




Тлеуова М.Е.

4

"ХХІ-ғасыр Лидері"

сайыс







Салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Мақсаты: Қазақстан Республикасының балалары мен жасөспірімдерінің салауатты өмір салтын ұстануға байланысты кешенді, үздіксіз және орнықты жүйе енгізу.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты:


Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

денсаулық жағдайының скринингіне;

әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;

теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;

табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;

өмірдегі жаңа жағдайларғасабырлылыққа;

қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;

денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.






Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!»

Тәрбие сағаты




Тлеуова М.Е.

2

"Денсаулық - зор байлық"

Дөңгелек үстел




Тлеуова М.Е.

3

"Зиянды заттардан аулақ болайық"

Пікір алысу




Тлеуова М.Е.

4

" Дені саудың - жаны сау"

Ашық сабақ




Тлеуова М.Е.


Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Ұлттық тәрбие

3. Отбасы тәрбиесі

4.Рухани-адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)

5. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

6. Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу

7. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие



  1. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Каталог: uploads -> doc -> 09ef
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09ef -> Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қимыл- қозғалыс сапасын арттыру. Өтілетін орны: Спорт алаңы
09ef -> Сабақ тақырыбы Сағат саны Күні Сабақтың мақсаты 1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет