Лекция мәтіні
Көркем шығарманы талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларынан, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көпшілік ұстаздар талдауды бастамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында арнаулы әңгіме, пікірлесу өткізеді. Оның тиімділігі сол, мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғарады, оқушыларды өз беттерімен талдауға жетелейді, тілін дамытады, көркем шығарманы қабылдай алу, оған пікір айта білу дағдыларын қалыптастырады. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Әдебиет сабағының негізгі материалы – көркем шығарма. Оны жете білу, талдау арқылы жүзеге асырылады. Көркем шығарманы талдау принциптерінде орта буын мен жоғары сыныптарда ұқсастық бар. Бірақ әр сынып оқушыларының жас ерекшелігі мен білім сапасына қарай талдаудың да деңгейі әр түрлі болады. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету керек. Көркем шығарманы талдау барысында сөздік әдісті мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығын өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі, әңгіменің жүйелілігі болуы керек, әңгіменің әсерлілігі, тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі, мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Әдебиеттану ғылымы әдеби талдауда мына мәселелерге көңіл аудартады.
1. Көркем туындыға авторлық көзқарас
2. Көркем туындыдағы мазмұн мен форма
3. Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланыс.
Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс-тәсілдерін қалай меңгергенініне байланысты болып келеді. Мұғалімнің терең әдеби білімі, кең ой-өрісі, көркем туындыны обьективті түрде бар бітім-болмысымен қабылдай білуі де талдауға әсер етеді. Талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Сонымен қатар оның мәтінді толық түсініп оқу, жартылай түсініп оқу, интенсивті және экстенсивті оқу, күрделі және жеңіл оқу сияқты түрлері де бар. Мұның өзі оқудың күрделі сөйлесім әрекеті екендігін көрсете келіп, әлі де уақыт елегінен өтіп, жан-жақты қарастырылуға тиіс мәселе екенін дәлелдейді.
Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Бұл талдау мәтіндік деп те аталады. Талдаудың бұл түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Мұғалім көркем туындыны жалпылама шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қарастырылады.
Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Мәтінді осылай оқи отырып, сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру, оны шешу, т.б әдіс-тәсілдер арқылы талдау жүргізіледі.
Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі. Көркем шығармада адам бейнесі жинақтау түрінде беріледі. Жазушы белгілі бір көркем туындыны жазу үшін өмірмен, оның заңдылықтарымен танысады. Өзі суреттеп отырған көркем бейнені белгілі бір әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап таңдайды, іріктейді, жинақтайды.
Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар» шығармасын оқытқанда бірінші сағатында өз бетімен толық тапсырма беріп, екінші сағатында мазмұнына шолу мақсатында сұрақтар беріп, жауап алғаннан кейін «Кім? Қайда? Қашан?» ойыны арқылы шығармалардың ең қызық деген оқиғаларынан үзінде оқып кімнің сөзі қашан, қайда айтқандығы туралы сұралса болады.
7-сыныптағы С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» шығармасын оқытуда оқушыларды топқа бөлу арқылы бір-біріне сұрақ қою арқылы тексерсе болады.
Бұл тапсырмадан оқушының өзіндік ойы көрінеді.
Әрбір сабақ мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ал, шеберлік – әр әдісті, әр сөзді орнымен пайдалану.
Көркем бейне – көркемөнерде, соның iшiнде әдеби шығармада жинақталған түрде суреттелетiн өмiр құбылысының нақтылы көрiнiс-қалпы, кейiпкердiң көркем ой елегiнен өткiзiлiп, қорытындылап жасалған тұлға-бейнесi екендігін таныту.
Көркем образда екi түрлi ерекшелiк – жинақтау, жалпылық сипаттарды топшылап-түйiндеу және даралау, жекелiк қасиет-белгiлердi нақтылы түрде көрсету – осы екеуi iштей астасып, қабысып жатады. Көркем образ – әдебиетте, өнер салаларында өмiр шындығын, қоғамдық құбылыстарды, табиғатты, адам тағдырын бейнелеп көрсету тәсiлi.
Образдар жүйесіне талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. Көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдауда кейіпкердің ұнаған, ұнамаған әрекеттеріне назар аударады. Образды талдау оқушылардың эмоциялық қабылдауларын бір арнаға, жүйеге бұрады. Автордық идеялық проблематикасы, көркем шығарма негізіндегі терең ойы көбіне осы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы берілетінін түсіндіреді.
Авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын мәселелер болып табылады. Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.
Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Романтикалық образ – негiзiнде қиял жататын образ. Баяғы көне дүние әдебиетiнде, мифте, ауыз әдебиетiнде жиi кездеседi. Бұл – өмiрде қазiрше жоқ, бiрақ болатын дерекке негiзделген образдың түрi, яғни биiк арманға құлаш ұрған кейiпкер.
Реалистiк образ – әдебиеттегi адам бейнесiнiң ең сымбатты, шынайы түрi; қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрi жақын, мiнез-құлқы, iс-әрекетi, қоршаған ортасы, басынан өтетiн оқиғалары бәрi өлшеулi, бәрi мөлшерлi образ. Бұл – өмiрдегi бiрнеше адамнан жинақталып, творчестволық қиялға суарылып шығарылған типтiк образ.
Эпикалық образ – кескiн-кейпi, мiнез-құлқы, iс-әрекетiмен тұтас көрiнген әрi толық жинақталған, әрi әбден дараланған тип; көркем бейне жасаудың портрет, мiнездеу, диалог, монолог және т.б. амалдары көп қолданылып жасалатын образдың түрi;
Лирикалық образ – сыршыл өлең жырлардағы ақынның өз бейнесi, оның iшкi бiтiмi; ақынның мың иiрiм көңiл-күйiнен, нәзiк сыры мен сылқым сезiмiнен өрiлiп жасалған өзгеше кейiпкер, оның субъективтi көңiл-күйiнен, сан иiрiм сұлу сыры мен сезiмi арқылы жасалатын образ;
Драмалық образ – өмiрдiң өз аясында, сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын; тiрiлермен тiрiлерше дидарласып, оларды қолма-қол күлдiрiп не жылатып, тiкелей ықпал жасап, тебiрентетiн; шиеленiскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалатын образ.
Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзектi мәселесi – образ және образдылық. Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарапайым мағынасында образ – суреттi сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |