Күні: 06.04.2022 ж.
Қатысты: 25 оқушы
Мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жолда жүрудің жауапкершілігін сезіндіру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 06 күні 6 «Б» сыныбында «Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері» тақырыбында жолда жүру сабағы өткізілді.
Сабақтың басы ой қозғау мақсатында «Жылдам. Шапшаң. Батыл» атты сұрақ – жауап әдісімен басталды. Оқушылар шапшаңдық танытып сқрақтарға жарыса жауап берді. Оқушылар жарыса өз пікірлерін білдіріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. Тақырып туралы маңызды ақпараттарды мұғалім оқушыларға жеткізді. Жолда жүру ережелерімен танысып, сұрақтарға жауап берді. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Сабақ өткізілу барысында оқушылар тақырып төңірегінде біршама мәліметтер алып, стикер арқылы кері байланыс жасады.
Сынып жетекшісі: Тендесбаева К.Ж.
«№ 8 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында 6 «Б» сыныбының «Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Жол "қақпан"» міндетті оқу курсын іске асыруы туралы ақпарламасы
Күні: 13.04.2022 ж.
Қатысты: 25оқушы
Мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру; көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері туралы түсінік беру; баланы зейінді, епті болуға, сақтыққа тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 13 күні 6 «Б» сыныбында «Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Жол "қақпан"» тақырыбында жолда жүру сабағы өткізілді.
Сабақтың басында оқушылар тақырып бойынша жарыса өз пікірлерін білдіріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. Тақырып бойынша оқушылар топқа бөлініп, өздеріне берілген тақырыптарын ашуға тырысты. Оқушылар жарыса өз пікірлерін білдіріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. Тақырып туралы маңызды ақпараттарды мұғалім оқушыларға жеткізді. Жолда жүру ережелерімен танысып, сұрақтарға жауап берді.
Сабақ өткізілу барысында оқушылар тақырып төңірегінде біршама мәліметтер алып, стикер арқылы кері байланыс жасады.
Сынып жетекшісі: Тендесбаева К.Ж.
«№ 8 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында 6 «Б» сыныбының «Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу» тақырыбында міндетті оқу курсын іске асыру туралы ақпарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |