Бастауыш сынып мұғалімі: Махамбетова Мереке Қазбағанбетқызы
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауаның қалай ластанатыны, ауға таралатын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабатының өзін – өзі тазарта алмайтындығы, ол үшін арнайы шараларды жүзеге асыру арқылы қорғауға болатындығы жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту, ой – өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Ауызша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны таза ұстауға, өсімдіктердің өсуіне өз үлестерін қосуға, ауаны ластанудан қорғай білуге, табиғатты қорғауға аз да болса өз үлесін қоса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барыы: І. Ұйымдастыру кзкңі А) Амандасу, оқушыларды түгендеу
Психологияллық тренинг:
Жаңа ғасыр ,жаңа үміт, жаңа арман,
Жақсы тілек , жайнаған күн шық алдан,
Білім деген шалқар теңіз шалқыған,
Тереңіне сүңги алар талпынған.
Ия, балалар «Білім теңіз» деп бекер айтпаған,сол білімді жарыққа шығару үшін адам баласы көп іздену керек екен. Ендеше үй тапсырмасы бойынша ТСҚ жазайық.
І – ші кезең ТСҚ – 5 минут
ТСҚ 63% шығару
Алғашқы бағалау. Матрицаға белгілеу: Көп сөз жазған оқушыларға оқыту.
Мадақтау.
+
+
+
+
+
-
+
-
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Үй тапсырмасын бекіту
Ауа райы дегеніміз не?
Ауа райын бақылау үшін не қажает?
Ауа райының қандай құбылыстарын білесіңдер?
Қазақстан жеріне не үшін жауын- шашын аз түседі?
Қыс мезгіліне байланысты қандай құбылытар болып тұрады?
Балалар, мына суретке қараңдаршы не байқадыңдар? Ауа райы неліктен ластанады деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, осындай заводтардан шыққан түтіндер мен қалдықтар ауа райын ластайды.
Яғни, бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы осы күрделі мәселеге келіп тоқталады.
Табиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі-бір үйлесімділік бар. Олар әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды. Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады. Ауа, табиғи жолмен адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде ластанады. Ауаны ластанудан қорғаудың қандай жолдары бар екендігін бүгінгі тақырыптан тереңірек оқып, мағлұмат аласыңдар.
Әр адам тәулігіне бірнеше литр ауа жұтады.Зиянды заттары бар ауамен тыныс алған адамның денсаулығы нашарлайды. Сондықтан,таза ауа – денсаулық кепілі дей отырып жаңа сабақты бастайық.
Ендеше тақырып бойынша тірек сөздерге тоқталайық.
Есте сақтау кезеңі ( 30 сек ) тірек сөздерді жаттау Заттар айналымы
Кездейсоқ заттар
Табиғи ластану
Түтінді тұман
Ағаштар тіршілігі
Газ қоспасымен
Тиімді жолы
Жатқа жазу (30 сек) II-ші бағалау кезеңі
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген тірек сөздерді тауып, тақырыптағы мағынасын ашады. Сонымен бірге балалар мәтінді өте қатты көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім қарама-қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде әрбір детальға аудару керек. Картаның негізгі мақсаты, оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып оқу материалын сапалы меңгерту және сыныптың барлық күш-жігерін берілген тақырыпты ақпаратты өңдеуге біріктіру.
III-ші кезең.
Тірек сөздер бойынша қиылыс сұрақтары.матрица бойынша отырған балалардан сұрап, бағалау. III-ші кезең.бағалау кезеңі
IV-кезең.сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Табиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі бір үйлесімділік бар (иә)
Олар әр қабаттағы белгілі бір пішінді сақтамайды (жоқ)
Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шықпайды (жоқ)
Өркениет пайда болғанннан бастап ауаға еріксіз заттар қосылмады (жоқ)
Оған дейін ауа табиғи жолмен ластанатын (ия)
Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйінде заттар,улы газдар араласпайды (жоқ)
Орман өртенгенде көп мөлшерде газдар ұшып шықпайды (жоқ)
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін пайдалы заттар ауаға тарайды (ия)
Мұның бәрі табиғи ластануға жатпайды (жоқ)
Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазарта алмайды (жоқ)
Адамның іс-әрекеті салдарынан ауа ластанбайды (жоқ)
Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті (иә)
Тұман газ бен тозаңның араласуынан болмайды (жоқ)
Қала ауасының құрамында ылғал көп болады, су буымен тыныс алу оңай болды (жоқ)
Ауаның ластануы тіршілік етушілерге өте пайдалы (жоқ)
Өсімдіктердің жапырағына қонған шаң суды буландыруын, тыныс алуын баяулатады (ия)
Жануарлар мен адамдар ауа құрамына сәйкес газ қоспсымен тыныс алуға үйреніспеді (жоқ)
Қоспаның құрамы өзгергенде, басқа газдар аралсқанда тірі ағзаның тыныс алуы бұзылмайды (жоқ)
Ауаны қорғау үшін арнайы шаралар жасалған жоқ (жоқ)
Ауаны тазарту үшін сен еккен әр ағаш үлкен үлес қосады (ия)
Қорыту.
Ауаны тазартудың тиіиді жолы – көгалдандыру. Бұл аса маңызды істі жүзеге асыру мақсатында елімізде елбасының қолдауымен «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Сендер де табиғатты аялап, қорғап, ауаны тазартуға өз үлестеріңді қосуға міндеттісіңдер.