8 класс «Физика » пәнінен 1- тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Диффузия құбылысы .... дәлелдейді
А) Молекулалар бар екендігін В) Молекулалар қозғалатындығын
С) Молекулалар бар және қозғалатындығын D) Молекулалар өзара әсерлесетіндігін
2. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген.
а) Ішкі энергияны өзгертудің тәсілін атап көрсетіңіз
б) Қолды жылытудың тағы бір жолын жазыңыз.
3. Суретте термометр бейнеленген.
а) Температураның Кельвин шкаласы мен Цельсии шкаласы арасындағы байланыс формуласын жазыңыз.
б) Берілген суретті пайдалана отырып, температураны Кельвин шкаласында неге тең болатынын жазыңыз.
Т =..............................К
4. Арман әр түрлі металдан жасалған бірақ массалары бірдей блоктарды қыздыру үшін тек бір ғана қыздырғышты қолданады. Қыздырғышты тек 300 секунд уақыт бойы қыздыратын функциясына қояды.
а) Қай металдан жасалған блок азырақ қызады
Металл блок
|
Меншікті жылу сыйымдылығы Дж/ кг·ºС
|
Алюминий
|
900
|
Темір
|
450
|
Қорғасын
|
130
|
Күміс
|
250
|
Дұрыс деген жауапты дөңгелектеп белгіліңіз
А) Алюминий В) Темір С) Қорғасын D) Күміс
б) Неліктен бұл жауапты таңдағаныңызды меншікті жылу сыйымдылығы тұрғысынан сипаттап жазыңыз.
5. 1) Арман зертханалық жұмыс жасау үшін массасы 100 г, температурасы 90 º болатын ыстық суға 300 г, температурасы 10º С болатын салқын суды құйып араластырады. Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200Дж/кг ·º С.
а) Берген және алған жылу мөлшерінің формуласын жазып көрсетіңіз.
б) Орныққан температураны анықтайтын формуланы жазып қөрсетіңіз.
с) Шыққан сұйықтың орныққан температурасын есептеп шығарыңдар.
2) Температурасы 10ºС, массасы 200 г су құйылған массасы 400 г болатын алюминий ыдысты 80º С дейін қыздырады. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 900 Дж/ кг·ºС. Қыздыруға кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз.
6. а) Жолаушы аязды күні жол жүріп келісімен терлеп тұрған атқа жабу жабады. Неге?
А) Кебу жылудың жұтылуымен жүреді В) Кебу жылудың бөлінуімен жүреді
Б) Қайнау жылудың жұтылуымен жүреді D) Қайнау жылудың бөлінуімен жүреді
В) Бұл процестің тез жүруіне себепші болатын ауа райының екі өзгерісін сипаттап жазыңыз.
С) Асфальт бетіндегі шалшық су массасы 3 кг болса, ол толығымен буланып кетуге кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Меншікті булану жылуы 2,3·106 Дж/кг.
7. Неліктен таудың шынында судың қайнау температурасын 100ºС емес?
8. Графикте мұздың еріп буға айналғандағы көрсетілген.
а) графиктің қай бөлігі мұзды қыздыруына сәйкес келеді.
б) Егер мұз массасы 400 г болса, мұздың толық еруіне кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы мен меншікті балқу жылуы 2100Дж/ кг·С º және 330 ·10 3Дж/ кг.
Достарыңызбен бөлісу: |