8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі



бет73/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

4. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат–міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің еркшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескерту.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескерту. Мысалы, оқытудың қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орынддарында экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс–тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық – мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.
2- тақырып
Дене тәрбиесі процесіндегі оқытуды ұйымдастырудың формалары

Қарастырылатын мәселелер.


1. Оқытуды ұйымдастыру формлары туралы түсінік
2. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі
3. Оқытудың сабақтан басқа формалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет