8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері



бет97/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар мынадай негізгі факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
Білім беру төңірегіндегі мемлекеттік саясат, заң актілері, құжаттар;
Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың жеке кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы.
Мектеп ұжымының моральдық – психологиялық ауа – райы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық - техникалық мүмкіндігі.
Мектептегі педагогикалық тәжірибені оқып үйрену, мұғалімдердің инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іске асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай.
Көптеген мектептерде әдістемелік жұмысарды үйлестіретін әдстемелік кеңестер жұмыс істейді. Мектептің педагогикалық кеңесіне қарағанда әдістемелік кеңестің бір ғана функциясы бар, ол - әр бір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми - әдістемелік деңгейін көтеру. Оның жұмысының тиімділігі ең кемі екі жағдайға тәуелді: кеңеске кімнің жетекшілік жасауы және мүшелерінің құрамының қандай екендігі. Әдістемелік кеңесте білім берудің әр түрлі оқу пәндерінен сабақ беретін барынша тәжірибелі мұғалімдер енеді. Олар әртүрлі әдістемелік құрылымдардың жетекшілері болуы мүмкін. Көбіне әдістемелік кеңеске оқу ісінің меңгерушісі басшылықө жасайды.
Мектеп әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тактикасын айқындайды. Кеңес бірлестікте, комиисияларда қаралатын әселелерді жоспарландырады. Мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасы, семинар, практикалық материалдадың жоспарын жасайды.
Осылай ша, әдістемелік кеңес мектептегі әр бір мұғалімнің кәсіптік – педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқаруда сайланбалы және ақылы өкілдікті танытады.
Мектептің әдістемелік жұмыстарының өзін сақтаған мынадай түрлерін атауға болады;
Пәндік әдітемелік бірлестіктер, мектептегі біріңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдер мен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми - педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық – қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және моделдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.
Осылардың арасында мұғалімджердің пәндік - әдістемелік бірлестіктері барынша кең тараған. Ол пәндес мұғалімдермен бастауыш сынып мұғалімдерін біріктіреді де, ең кемі 4 – 5 пән мұғалімін топтастырады.
Пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмысының мазмұны көп қырлы болып келеді. Онда оқу – тәрбие жұмыстарының және оқушылар білімінің деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, озық педавгогикалық тәжірибені және педагогикаы ғылымының жетістіктерін енгізу мәселелері қаралып, жаңа оқулықтар мен оқу бағдарламаларының күрделі тараулары талқыланады. Сонымен бірге тәжірибелік оқу бағдарламаларымен оқу құралдарының нұсқаулары, олардың нәтижелері деп талқыланады. Бірлестік мүшелері білоім бертін және қадағалайтын компьютерлік бағдарламаларды талдап жасайды және сынақтан өткізеді.Оның тиімділігі мен нәтижесіне баға береді. Бірлестік жұмысының мазмұны оқушылар білімінің тексеретін тақырыптық, шығармшылық бақылау жұмыстарын қарастыру да қамтиды.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы сол пәннің мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің, оқушылардың білім сапасын арнайы жоспармен іске аырылады. Жоспарды жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, негзгі ұйымдық – педагогикалық шаралар қамтылады, ғылыми - әдістемелік баяндамалардың тақырыптары пән бойынша ашық және үлгілі сабақтар белгіленіп, оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларының сапасын тексерудің мерзімі мен түрі айқындалады.
Әдістемелік жұмыстардың тиісді түрлерінің бірі біріңғай әдістемелік күн екі тоқсан аралығында атқарылған әдістемелік жұмыстарды қорытындылауға арналады. Біріңғай әдістемелік күннің тақырыбы мұғалімдерге алдын – ала хабарланады. Біріңғай әдістемелік күннің қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық биюлетен шығарылып, әдістемелік талдамалардың, мұғалімдердің оқушылар шығармашылығын, психологиялық – пеагогикалық әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылады.
Біріңғай әдістемелік күннің атқарылар жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды: ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу, оларға талдау жасап, кеңінен талқылау, жаңа әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау, өткізілген шараға баға беріп, талдау жасайтындай біріңғай әдістемелік күннің қорытындысы мен “дөңгелек үстел”, мәжіліс немесе баспасөз конференциясын өткізу.
Мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығы проблемалық семинарлар мен практикумдар барысында көрінеді. Олар мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны пдагогикалық инновацияға ұмтылдырады. Проблемалық семинар жұмыстарының азмұны қазіргі заманғы педагогикалық теорияны қамтиды.
Соңғы жылдары әдістемелік жұмыстар жүйесінде практикаылық сабақтардың белсенді түрлері кеңінен қоланылуда. Олар: іскерлік, рөлдік ойындар, ойындар – практикумдар, ұйымдық - әркеттік ойындар, түрлі тренингтер. Бұл жұмыс түрлерінің даусыз жетістігі – орындалған әркеттің көп нұсқаулылығы, нақты практикаға барынша жақындығы ұжым болып талқылауға қолайлығы және т.б. Әйтсе де практикумдарды ұйымдастырушылар мұғалімдердің бұндай шараларға қатысуға ықылассыздығы, оларды жүргізуге әдістемелі дайындықтың аздығы сияқты кедергілер тап болуда. Бұның бәрі де проблемалық семинарлар мен практикумдардың ұйымдастыруға білоікті басшылықтың керектігін танытады.
Озат тәжірибе мектебі негізінен дербес және ұжымдық тәлімгерліктің мақсаты мен міндетін іс асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Қазақстан мектептерінде тәлімгерлік дәстүрдің бай тарихы бар болғаны мен бір мектеп қабырғасында ұйымдастырылған ощати тәжірибе мақсатты, толыққанды сипат алады. Бұл мектептің негзгі міндеті – тәжірибелі мұғалімнің, басшының тәжірибесін өз әріптесіне әдістемелік - көмек көрсету. Бұндай мектепті қалыптасыру көбіне ерікті негізде басталады.
Озат тәжірибе мектеп жұмысын бағалау екі жақты тиімділікті ескеру тиіс. Мектеп бсшысы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оларға сабақ технологиясы мен әдістемесі, жоспарластыру мәселелерімен ақыл – кеңес беріп, білім берудің теориялық мәселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өзініің кәсіптік позициясының дұрыстығына көз жеткізеді. Өзат тәжірибе мектебінің екінші тиімділігі – мұғалім әріптестердің жаңашыл, шебер мұғалімнің шығармашылық лабороториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз.
Озат тәжірибе мектебінің құрылымында оның бір көрінісі немесе дұрыс буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның мәні – жұмысты жаңам бастаған жа мұғалімдер тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің техникасы мен әдістемесі, сынып жетекшісі жұмысын жоспарластырудың ерекшеліктері, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізіледі. Жас мұғалім мектебіндегі оқуларында сабақтың технологиялық картасын жасау, оқу процесінде комюьтер құралдарын қолодану сияқты практикалық шаралар қарастырылады. Тәжірибелі педагогтың жетекшілігімен бір – бірімен араласқан жас мұғалімдер кәсіптік дамуын жолға қойып, өзінің шығармашылық қасиетін іске асыруға ұмтылады.
Көптеген мұғалімдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, педагогикалық шыармашылық пен белсенді әрекеттің күр бәсеңдеуі болашақ мұғалімдердің жоғарғы оқу орнында лаған теориялық білімдерден соң мектептегі алғашқы жылдары бірден таза практикалық қызметпен айналысуынан туындайды. Сондықтан бұл кезеңде арнайы теориялық дайындықты үзбей оны практикада қолдану арқылы тереңдетудің маңызы зор. Жас мұғалім мектебі міне осы аңызды міндетті шеше алады.
Мектептерге эксперименттік жұмыстар ұйымдастыруға кең мүмкіндік беріп отырған кезеңде проблемалық топтың әрекеті қызу қолдау табуда.
Мұғалімдердің мұндай мұндай тобы мектеп басшыларының, ғалым – педагогтардың мұғалімдер мен өзінің бастамасы мен құрылуы мүмкін.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың ұжымдық түрлерінңі бірі педагогикалық ұжымның таңдаған ғылыми - әдістемелік тақырып бойынша қызметі. Оның негізгі себептерінің бірі - тақырыпты кездейсоқ таңдаудан туындайды. Бұндай жағдайда зерттеу тақырыбы нақты ұжымның нақты мәселелерін шешуге арналмаса, онда ол зерттеу тақырыбының өмірі қысқа және соңы сәтсіз аяқталады.
Ғылыми - әдістемелік тақырып пен жұмыс істеудің тиімділігінің төмен болуының бір себебі – педұжымның өз мектебіндегі мәселелерпді айқындар, мақсатын белгілей алмауы, бірлесе жүмыс істеуді жолға қоя алмау.
Ғылыми педагогикалық конферренциялар, педагогикалық оқулар, шығрмашылық есептер жекелеген мұғалімдердің, әдістемелік бірлестіктердің әдістемелік жұмыстарының қорытынды үрі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет