Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет1/4
Дата20.01.2020
өлшемі492,57 Kb.
#56173
  1   2   3   4
Байланысты:
4-course-diary-1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
4 курс

студенттеріне арналған

педагогикалық практика күнделігі

©ТарМПУ 2018

СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТҚА БЕРІЛГЕН СЕГІЗ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек. Олар мұғалімдік қызметтің қыр-сырларын меңгермеген, қателіктерге көп бой ұрдыратыны рас, бірақ олардың ішкі қуаттары, жаңашылдыққа деген ұмтлыстары жоғары. Осы қасиеттері мен мектептегі тәжірибелі ұстазбен жас маман бір-біріне балама бола алады.

Білім беру мекемесіне практикадан өтуге барған студент аз ғана уақыт ішінде сол ұжымға өзін ерекше көрсетуі тиіс. Мұндай ерекшелік оның болашақ маман болып орналасуына ықпал етуі мүмкін. Практиканы аяқтасам болды деген ойдан аулақ болып, өзін-өзі педагогикалық қаһарман ретінде сезінуі қажет. Дегенмен, практика уақытында болуы мүмкін деген қателіктердің алдын-алу үшін 8 ақыл-кеңес ұсынамыз.






Бірінші

кеңес

Өзіңізге бекітілген білім мекемесінің рейтингіне, материалдық жабдықталуына, орналасуына т.б. қарап алдын-ала ой түймеңіз, басқаларымен мүлдем салыстырмаңыз. Бекітілген сәттен бастап «Мен Қазақстандағы ең керемет оқу орнына бара жатырмын» деген ойды санаңызға мықтап орналастырыңыз. Ол орынға ешқашан тәкәппарлықпен, салыстырмалылықпен қарамаңыз, құрбы-құрдастарыңызбен әңгімелескенде тек жақсы жақтарын айтып, тек мақтауға тырысыңыз.


Екінші кеңес

Білім мекемесінің табалдырығын алғаш аттағаннан бастап өзіңізге тұлғасы биік бір образ жасап алып, соған еніңіз. Біріншіден, ондағы ұжым мен оқушылар Сізді танымайды, сондықтанда олар Сізді дәл сол жаңа образыңызбен қабылдайды. Бұрыннан өз-өзіңізге ұнамай жүрген қылықтарды ысырып, өзіңізді тәрбиелеуге деген керемет мүмкіндік туып тұр. Соны пайдалануға тырысыңыз. Жаңа образыңыздың барынша елгезек, алғыр, мәдениетті, қарапайым, білімқұмар, ізденгіш, сынға төтепбергіш болып келгені абзал. Ең бастысы жаңа образ ешқашан конфликтке бой ұрдырмау керек. Уақыт өте бұл образға өзіңізде үйреніп қаласыз. Бұрынғы өзіңізбен жаңа образдағы өзіңізді салыстырып, өз-өзіңізге есеп беріп тұруды ұмытпаңыз. Бұл жоспарыңызды ешкімге тіс жарып айтпаңыз.



Үшінші кеңес

Жаңа адамдарға ұнауға тырысу. Оқушылар көбіне қаталдықтан гөрі көңілді болғанды жақсы көреді. Тек берілген уақытта берілген тапсырманы орындап, үйіңізге қайтуға асықпаңыз. Оқушылармен және жас мамандармен бірігуге бағытталған ойындар, турлар, қызықты кештер, кездесулер ұйымдастыруға ұмтылыңыз. Мүмкін бұл Сіздің практика есебіңізге қажет болмауы мүмкін, бірақ Сіздің болашақ маман ретінде қалыптасуыңызға қажеттілігі бар. Қолыңыздан келетін барлық өнеріңізді салуға тырысыңыз. Оқушыларды барынша жаныңызға баурап алуды мақсат қойыңыз, практика аяқталғанда олар Сізді, Сіз оларды қимайтындай жағдайға дейін етене жұмыс істеңіз.

Төртінші кеңес

Күнделікті практикаға мереке, той-думанға, ғашығыңмен кездесуге бара жатқандай ерекше көңіл күймен, асыға бар. Бақыттан бал-бұл жанып, әрбір сөзі нық болып, оптимистикалық көзқараста тұрған адамға тартылатын, оған иланатын адамдар көп болады. Мұндай күйге жету оңайға түспейді, бірақ ұмтылуға тұрарлық. Егер Сіз осы кезге дейін тұйық, біртоға болсаңыз, ішіңіздегі көңілді, ақжарқын екінші бейнеңізді ашыңыз.


Бесінші кеңес

Бекітілген сыныбыңызға кірген алғашқы күннен бастап, оларға күніге бір жаңалық жасауды әдетке айналдырыңыз. Оны әртүрлі форматта істеуге болады. олар сіздің келуіңізбен қоса тағы бір тосын сыйдың, жаңалықтың болатынын күтетін жағдайға жеткені абзал. Кейбір жаңалығыңыздың немесе тосын сыйыңыздың бірнеше адамдарға ұнамай қалуы мүмкін, бірақ оған көңіліңізді түсірмеңіз. Күлкілі жағдайға ұрынып қалсаңыз, оларға қосылып өзіңізде күліңіз, ашуланбаңыз, күлгендері үшін оларды айыптамаңыз.



Алтыншы кеңес

Өзіңізді тым ақылды етіп көрсетуден аулақ болыңыз. Білгішсінудің немесе мақтанудың арты жақсылыққа апармайды. Себебі балалар тым сезімтал, әрі өзін-өзі мақтап тұрған адамдарды онша ұнатпайды, Сізді келемеждеуге көшеді. Егер балалар бір сұрақ қойып Сіз оның жауабын білмейтін болсаңыз, оған ұялып, өтірік айтып, қандайда бір әрекеттер жасаудың немесе өзіңізді тірі энциклопедия сезінудің қажеті жоқ. Оқушыларға бұл сұрақтың жауабын білмейтіндігіңізді, оның расыменде қызық сұрақ екенін, ертең жауабын қарастырып келетіндігіңізді айтыңыз. Сұрақ қойған баланы да, сыныпты да мақтаңыз. Балалар мақтауды сүйетінін ұмытпаңыз.


Жетінші кеңес

Барлық нәрсені өз уақытында істейтін тәртіпті әрі адал болыңыз. Лас, паразит сөздерді қолданудан аулақ болыңыз. Әріптестер арасында келеңсіз жағдайға куә болып жатсаңыз оны оқушыларға айтып, талдамаңыз немесе бір әріптесіңіз туралы анықтама жинамаңыз. Артық берілген тапсырма екенін біліп тұрсаңызда, ол үшін дауласпай істей салуға тырысыңыз. Кез-келген істелінген іс сіздің жинақталатын тәжірибеңіздің бір бөлшегі екенін ұмытпаңыз.


Сегізінші кеңес

Бірінші күннен соңғы күнге дейін мүлдем кешікпеңіз. Уақытыңыз бен тұрғылықты жер алшақтығын, транспортты есептеп, уақытыңызды алдын-ала белгілеп алыңыз. Қандай жағдай болса да кешікпеуге тырысыңыз. Өзіңізді тәртіпке үйрету арқылы жан-жағыңыздағыларға да жақсы ықпал ететіндігіңіз айқын.


Құрметті студент-практикант!
Кәсіби педагогикалық практика - педагог қызметіне деген дайындықтың ең маңызды бөлігі. Өзіңнің теориялық білімің мен кәсібилігіңді, ішкі тілегің мен қабілетіңді сынға салатын кез. Егер осы кезге дейін өз мамандығыңа деген сүйіспеншілігің болмаған болса, онда оны оятатын, ал болған болса, оны арттыратын үлкен мүмкіндік.

Іске сәт!
Әлем елдерінің тәжірибелері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет