Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек


Сабақтың ұзақ мерзімді жоспары – барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды



бет4/4
Дата20.01.2020
өлшемі492,57 Kb.
#56173
1   2   3   4
Байланысты:
4-course-diary-1

Сабақтың ұзақ мерзімді жоспарыбарлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды.


Оқу түрткісі – ниеттену, түрткі, кірісу, жігерлену, ынталану, яғни әр оқушының білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері, оқушының білімді үйрену әрекеттерімен айқындалады.

Технологиялық карта – іс-әрекеттердің орындалу орнын, қолданылатын құралдар, уақытын, технологиялық нұсқаулар тізімі.

Тренинг – білімді, дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға, жетілдіруге бағытталған белсенді, қабілетті арттыруды үйретудің оқыту әдісі, шеберлік пен машықты қалыптастыратын жаттығулар жиынтығы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Тренинг әдістері:

1. Кейс - шешімін қажет ететін проблемалық ситуация, ақпаратқа сараптама жасап, басты проблемаларды шешудің жолын тауып, іс-әрекет жоспарын құру;

2. Іскерлік ойын – кәсіби қызметтің көрінісі;

3. Рөлдік ойын - қатысушылардың белгілі бір ситуацияларда шешім қабылдауда түрлі рөлдерді сомдауы;

4. Топтық дискуссия - топтың проблемалық ситуацияға сараптама жасап, өзара талқылауы.

Тренингтің мақсаты мен міндеттері: әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы белгілі бір мөлшерде  әлеуметтік-психологиялық білім алу; қатысушының әлеуметтік-психологиялық корекция мен қалыптастыра алушылық қабілетін арттыру; адамдарда әлеуметтік-психологиялық бірлігін түсіну; өзін-өзі түсіну және барабар өзгелерді де; өзгелерден және топтардан келетін психологиялық ақпараттарды қабылдай білу; индивидуалдық жеке қарым-қатынас жасауды үйрену.

Тренингтік әдістердің маңызы: Тренинг барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып отырады. Сондықтан тренинг әдістері негізінен үш деңгейде жүзеге асады: топ арасындағы жеке қатысушымен болатын қатынас әдісі: әдетте, ол индивидуалдық психологиялық кеңес беру жұмыстарының техникаларын көрсету мақсатында топтың бір мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара әрекеті; топпен бірге – біртұтастық әдіс: мұндай жағдайда ұстаз топтың барлық мүшесі біріге отырып орындайтын тапсырма береді. Сонымен қатар шағын топтарға да тапсырма берілуі әбден мүмкін; топтың құралдары арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады. Бұл деңгейдегі жұмыс әуеліде бірінші әдіске ұқсауы мүмкін, бірақ, бұл жерде оқытушы топтың ресурстарын қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне ықпал етуі үшін жасырын қолданады.

Тренинг ережелері:

Бірінші ереже - кері байланыс орнату, яғни қатысушылар жаттығу ойын кім қалай орындағанын және оны қалай орындаса дұрыс болатыны туралы айтады, пікірлеседі, конструктивті кеңестер айтылады. Мұнда сын айтылмайды, кеңес беріледі. Сын айтылмау себебі, егер топ мүшелерінің басым бөлігі сын айтар болса, онда ол адам әрі қарай дамымауы мүмкін. Өзінің айтылған кемшілігінде тұрақтап қалу ықтималы бар. Ал енді қатыстушыға оның дұрыс орындағанын және бұдан да артық орындаудың мүмкіндігі айтылса, онда студент алға ұмтылады.

Екінші ереже – қазір және осында. Жаттығуды топта, аудиторияда бар студенттер орындайды, егер пікірталас созылып кетсе, онда оны сол уақытта тоқтатуға болады. Дәл сол сияқты бір ойынды: «Ал мен мынадай жағдайдың куәсі болдым...»,– деген сияқты әңгімелермен бірнеше сағатқа да созылуы мүмкін. Ешкім шаршамайды, барлығына да қызықты. Әрине, егер ұстаз топ мүшелерінің кейбірі бұл тапсырмадан жалыға бастағанын көрсе, онда ойынды ақырындап аяқтай бастаған дұрыс.

Үшінші ереже – топта жұмыс жасап үйрену дағдысы. Шағын топ мүшелері жаттығу аяқталмайынша басқа топ мүшелерімен бұл тақырыпта әңгімелеспейді, талдамайды, олар тек өз топтарымен ғана пікір бөлісе алады, топ құпиясын іште сақтайды.
Диагностика – техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.

Педагогикалық диагностика – оқу-тәрбие процесін тиімді ету мақсатымен оның алғы шарттары, жағдайы, себептері, нәтижесі зерттелетін іс-әрекет

Педагогикалық диагностика әдістері - жалпы ғылыми (бақылау), әлеуметтік-психологиялық (сұрау, әңгіме, сұхбат, сауалнама жүргізу), психодиагностикалық (жеке сұрау жүргізу, тесттер, жобалау әдісі), педагогикалық (мектеп құжаттарын, еңбек өнімдерін меңгеру).

Педагогикалық диагностика әдістерінің түрлері: топтың бірлігін, сыныптың эмоциальдық ынтымақтастығын, сынып ұжымының эталондылығын, тұлғааралық қарым-қатынасын, т.б. анықтайтын әдістемелік топтары бар.

Социометрия – әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius - дос, серіктес және mеtrum - өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Алғаш рет 1934 жылы ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен қолданылады. Социометрия - топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік береді.

Социометриялық тест – оқушылардың өзара және жеке қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған, топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік беретін сұрақтар тізбесі. Социометриялық жұлдыздарды анықтауға бағытталады.

Социометриялық әдіс - сыныптың статустық құрылымын анықтау үшін қолданылады.

Социоматрица зерттеушінің оқушылар толтырған парақтардағы әр оқушының таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін сандары қойылады. Социоматрица негізінде социограмма құрастырылады.

Социограмма бұл респонденттер қатынасының бір-біріне деген социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.

Дискриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы, құжаттарды, ақпараттық жиымдарды және т.б. іздестіру кезінде оларды топтарға бөлу, жіктеу, индекстеу үшін пайдаланылатын түйінді сөз немесе сөз тіркесі.

Циклограмма – оқыту циклінің бағдарламасының уақыттық диаграммасын, графикалық бейнелейтін әдіс.

Тәрбие сағаты – белгілі бір тәрбие бағытында мәселелік, айтулы, т.б. тақырыпта тәрбиелік іс-шаралар жоспарын жасау мен ұйымдастыру.

Сынақ тәрбие сағаты – тәрбиелік іс-шараны ашық сынақ сабағы ретінде мектеп ұжымы, әдіскерлер мен студенттердің қатысуы мен талқылауына ұсынатын тәрбиелік іс-шара.

Сынақ тәрбие сағатын талқылау өлшемдері: сабақ мақсатының анық, әрі айқын болуы; оқушылардың өз бетімен және өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік беру; түрлі әдістердің қолданылуы; проблемалық ойды көтерудің; сыни ойлауды дамыту; өмірден мысалдардың келтірілуі; АҚТ құралдары, көрнекіліктер мен өзге де дидактикалық материалдар қолданылуы; жүріс-тұрыс (киіну, өзін-өзі ұстау т.б.) және сөйлеу мәдениеті; сынып белсенділігі; уақыттың дұрыс бөлінуі (тайм-менеджмент); оқушылар білімінің бағалануы; кері байланыстың болуы.

Тәрбиелік жұмыстардың циклограммасы: сыныптағы тәрбиелік іс-шаралар тақырыбы, формасы, өткізу кезеңдері, уақыты, жауаптылар туралы қысқаша мәлімет.

Тәрбиелік жұмыстардың бағыт картасы – тәрбиелік жұмыстардың сынып жетекшісімен практика уақытында атқарылатын жұмыстар жоспары.

Тәрбие - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Сынақ сабақ – пән бойынша ашық және сынақ сабағы ретінде мектеп ұжымы, әдіскерлер мен студенттердің қатысуымен көрсетіліп, талқыланатын сабақ.

Сынақ сабақты талқылау өлшемдері (критерийлері) - сабақ мақсатының анықтығы; оқушылардың жас мөлшері мен мүмкіндіктеріне сәйкестігі; пайдаланылған әдебиеттер мен ақпарат көздерінің сабақ мазмұнына сәйкестігі; сабақта түрлі әдістердің қолданылуы; теорияның практикамен байланысы; пәнаралық байланыстың; өткен тақырыппен байланысының болуы; жаңа тақырыптың жете түсіндірілуі; жаңа мәліметтерді бекітуге арналған үй тапсырмаларының берілуі; АҚТ құралдары, көрнекіліктер мен өзге де дидактикалық материалдардың қолданылуы; сабақ барысында оқушылардың оқу процесіне тартылуы; оқушылардың өз бетімен және өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуі; оқушылар белсенділігінің сұрау кезінде, меңгеруде, бекітуде жоғары болуы; тәрбие қызметтерінің жүзеге асуы; сабақ уақытының дұрыс бөлінуі; оқушылар жетістігін бағалауда түрлі тәсілдердің пайдалануы.

Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесіне қойылатын талаптардың көрсеткіші.

Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау.

Критериалды бағалау – оқушының  оқу жетістігін бағалау, оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі, сипаттама. Бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен талқысынан өткен, білім процесінің барлық қатысушыларына (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) алдын ала таныс, белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалаудың түрлері: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Критериалды бағалаудың мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарылату; мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері: сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілетін анықтау; жеке оқушының даму жетістігін бақылау; оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау; әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу; оқу бағдарламасының тиімділігін саралау; сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі,  нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі тоқсандық бағаны жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады.

Қалыптастырушы бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері: бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсуі.



Қалыптастырушы бағалау:

  • оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік жұмыс, тест т.б.);

  • оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі;

  • мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.

Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдары: А) холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке-жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа  мерзімде және жалпы түрде бағалау; Ә) аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

Жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады.

Жиынтық бағалау:

  • тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау кезінде жүргізіледі (бақылау жұмыстары немесе зачеттар).

  • оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

  • мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.

Ғылымға кіріспе: оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды түрлі формада (тәжірибе, тренинг, зертханалық жұмыс, көрме, шебер-сынып т.б.), оқушылардың ғылымға қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылады.

Бітіруші студенттің ғылыми-шығармашылық жұмысы - дипломдық жұмыстың болжамдық тақырыбына негіздеме беру, теориялық және тәжірибелік бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы мен дипломдық жұмыс жетекшісінің парақшасы толтырылады.

Әдістемелік – тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру:

пән мұғалімі немесе тәлімгермен бірлесе: кезеңдік әдістемелік-тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; сабақтың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларын талқылау; сабақтан тыс оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Сынып жетекшісімен немесе куратормен бірлесе: сыныптағы тәрбиелік іс-шараларға ат салысу; тұрақты тәрбие сағаттарға қатысу, жоспарланған іс-шараларды жүргізуге қатысу; ата-аналармен жұмыс жасауға ат салысу. Өз бетінше: сабақтың жүргізілу процесін бақылау, салыстырмалы талдау жасау; кәсіби портфолио тапсырмасын орындау.

Кәсіби практиканың апталық қорытындысы: апта ішінде пән мұғалімімен, сынып жетекшісімен және өз бетінше атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мәлімет.

Сабақтар сараптамасы – студент-практиканттың өз мамандығы бойынша қатысқан сабақтар саны, ұнаған мұғалімдер, олардың теориялық және практикалық дайындығы, қарым-қатынас стилі, мәдениеті (сөйлеу, жүріс-тұрыс, т.б.) туралы мәліметтермен толтырады

Рефлексия – (латынша reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ таным актисін зерттеуді білдіретін термин. 17 ғасырда Джон Локи берген анықтама: «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Рефлексия - артқа қарау, көрсету, адамды, білімді дамыту шарттарының бірі. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген сөз.

Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.

Философия ғылымында рефлексия 1) ақыл мен ойлаудың өзіне жүгіну қабілеті, 2) жаңа білім алу мақсатында білімді талдау, 3) ақылы мен рухани жай-күйін өзін өзі бақылау; 4) өзін жүзеге асыру негізіне бағытталған зерттеу актісі деп түсіндіріледі.

Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама, жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.

Рефлексияның тиімділігі, оқушы  үшін: оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін білу; оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; білім беру барысының сапасын жақсарту; нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады; оқушы өз-өзіне баға бере алады; білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды. Мұғалім үшін: ақпаратпен күнделікті жұмыс жасалады; оқушының шығармашылыққа деген ынта-жігері артады; әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; пәндік білім сапасы артады; өзіндік сын қалыптасады; сыни ойлауға жетелейді.

Оқу рефлексияларының сфералары: физиологиялық; сенсорлық; өзіндік сезімдік (самочувствие); интеллектуальдық; рухани.

 Рефлексия түрлері: а) интроспективті; ә) ретроспективті; б)  перспективті. Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.



Интроспективті рефлексия – «уәждеме» және өзін-өзі бағалау түрінде талдау жұмысында «осы жерде, қазір» рефлексиясы жүзеге асырылады.
Ретроспективті рефлексия – жүзеге асырылған іс әрекеттен кейінгі, орын алған оқиғаларға талдау және бағалау қызмет атқарады. Мұғалім өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін анықтайды.

Перспективті рефлексия – алдағы уақытқа жоспарлауда тиімді жолдарды қарастыруды қамтиды.

Рефлексия қызметтері:

- жобалау (педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін жобалау);

- ұйымдастырушылық (тиімді әдіс – тәсілдерді өзара іс қимыл нәтижесінде ұйымдастырушылық);

- коммуникативтік (педагогикалық үдеріске қатысушылардың қарым- қатынастары);

- уәждемелік (педагогикалық үдеріске қатысушылардың бірлескен нәтижелілігін анықтау);

- түзетуші (іс – қимыл нәтижесіне өзгерістерді өзара енгізу).



Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, педагогикалық қатынаста процесінде мұғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілеті.

Рефлексивті есеп – бір сабаққа немесе іс-әрекетке жазылады.

Рефлексивті есептің критерийлері - 1 курста 500, 2-курста 750, 3-курста 1000, 4-курста 1500 сөзден тұратын студент-практиканттың сабақтарға қатысу барысында байқаған жағдайлар, сыныппен, оқушымен атқарған жұмыстардың жүзеге асу жайы, кәсіби, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі, кездескен қиыншылықтар мен одан шығу жолдары, ұсыныстар, болашаққа жоспары туралы мәлімет болуы тиіс.

Практика соңында тапсыратын құжаттар - СД-диск және мінездеме. СД-диск-те толтырылған «Кәсіби педагогикалық практика портфолиосы», таныстырылымы (презентация), рефлексивті есеп, мінездеменің көшірмесі сынып жетекшісінің қолын мөрмен расталған нұсқасы салынады.
Барлық курс бойынша міндетті түрде тапсырылатын есеп формалары

1 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы.2 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы, өз бетімен өткізген тәрбие сағаты бойынша баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде мәлімет жариялау. 3 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы, сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары. 4 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы, сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, диплом жұмысының негіздемесі.



Студент-практикант жұмысына әдіскерлер мен мектеп мұғалімдердің баға қоюдағы ұстанатын критерийлері:

- студенттердің іс-әрекеттерінің сапасы;

- студенттің педагог мамандығына және оқушыларға деген қатынасы;

- теориялық білімін нақты оқу-тәрбие міндеттерін шешуде қолданылуы;

- педагогикалық іс-әрекетті өз бетімен анализ жасау деңгейі;

- есеп құжаттарының сапасы;

- балл қоюда мектептегі сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің және әкімшілігінің пікірілерінің есепке алынуы.

Әдістемелік және өз бетінше жұмыс – педагогикалық кеңестің жұмысына, әдістемелік бірлестік жұмыстарына, сынып жетекшісі мен пән мұғалімнің шебер-сыныптары мен семинарларына қатысу; кәсіби педагогикалық практика портфолиосында оқу-тәрбие тәжірибесі жөнінде жүйелі сараптама жасау; диплом жұмысының тақырыбын анықтау, зерттеу жоспарын жасау, деректер жинақтау, қортындылау.

Кәсіби педагогикалық практикада қолданылатын әдістер – бақылау, әңгіме, сұхбат, анализ, синтез, статистикалық өңдеу, т.б.

Студент-практиканттың құзіреттілігіне қойылатын талаптар:

- пән бойынша оқулықтар мен мектеп бағдарламасын білу;

- мектептің оқу-тәрбие жұмысымен таныс болу деңгейі;

- сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жасай алу білігі;

- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу білігі;

- пән бойынша оқушылардың білім деңгейлерін білуі;

- сыныптағы оқушылар ұжымы туралы жалпы пікірінің болуы;

- сыныптағы жеке оқушыны зерттей білу дағдысы;

- сабақтың көрнекілік құралдарын жасай алу білігі;

- сабақты түрлендіре, яғни сабақ формаларын өткізе алу білігі;

- сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру алу мен өткізу сапасы;

- сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс жасай алу білігі;

- кәсіпті меңгеруге қызығушылық деңгейі;

- шығармашылық икемділіктерінің деңгейі;

- есеп құжаттарының сапасы.

Бағыттаушы жиын – практика басталғанда практика базасы туралы, атқарылатын жұмыстар мен студент-практиканнтың және әдіскердің міндеттері мен қорытындылау формасы, құжаттары, т.б. жөнінде ақпараттар беріледі.

Қорытынды жиын – кәсіби педагогикалық практика біткен соң өткізіледі. Оған барлық студент-практикант және әдіскерлер қатысады. Жиында практика кезінде жасалынған дидактикалық материалдар мен шығармашылық зерттеу жұмыстарының нәтижесін бейнелейтін көрме ұйымдастырылады. Студент-практикант пен әдіскерлер қорытынды есептерін бере отырып, ойларын, ұсыныстарын айтады, ұсыныстар тіркеледі. Практика мазмұны практика бағдарламасына және оқу процесінің жоспар-кестесіне сай анықталады.

Таныстырылымды бағалау (презентация) – практиканы бағалау шкаласына сай жүргізіледі. Оның бағалау критерийлері: мектеп, сынып құжаттары, жұмыс, басқару жүйесімен танысу деңгейі, сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің жұмыстарын меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттей білу деңгейі, этикалық-эстетикалық нормаларды ұстануы, практикаға қатысуы, кері байланыс жасай алуы көрсетіледі. Бағаның әріптік және сандық эквивалиенті (GPA), балл, дәстүрлі жүйелік бағалау, сынып жетекшісінің, тәрбие әдіскерінің, пән әдіскерінің баллы, қолы қойылады.

Таныстырылым критерийлері – сынып жетекшісімен бірге атқарылған әдістемелік жұмыстар, сыныппен және оқушымен қарым-қатынас орнату, кәсіби, ғылыми зерттеу жұмыстары кездескен қиыншылықтар мен одан шығу жолдары, ұсыныстар, болашаққа жоспар туралы слайд (бет саны төртеу) жасау, оны қорғау уақыты, дәлелдемелерін салу, мәтін деңгейі, программа түрлерінде жасау қажеттігі көрсетіледі.

Мінездеме – білім беру мекемесіндегі студентке бекітілген пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің практика барысында студенттің атқарған жұмыстарына берілген баға.

Кәсіби педагогикалық практиканы қорытындылау

Студент-практиканттың кәсіби педагогикалық практика қорытындысы «Педагогикалық жоғары оқу орындарыға арналған кәсіби практиканы ұйымдастыру технологиясы» атты оқу-әдістемелік құралында ұсынылып отырған портфолиода кешенді түрде берілген. Практикант портфолиодағы тапсырмаларды өз мерзімінде орындай отырып «студент күнделігі», «сабақ жоспарлары», «сабаққа қатысу және сынама, сынақ сабақтарын жүргізу, талдау» т.б. оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және кәсіби бағдар беру бағыттарын толық қамти алады.

Портфолио жауапты тұлғалар тарапынан тексеріледі, бағаланады, мінездеме беріледі. Студент-практикант тарапынан практика өткен білім беру мекемесінде және өзі оқып жатқан педагогикалық жоғары оқу орындарында қорғалады және курсқа байланысты белгіленген мөлшерде рефлексивті есеп жазылады. Жауапты тұлғалар кәсіби педаогогикалық практика портфолиосы реттілігін, толтырылуы мен сапасын қарай отырып, практиканы ұйымдастыру және жетілдіру мақсатындағы студент-практиканттардың ұсыныстарын жинап, өзінің аналитикалық есебіне енгізеді. Бұл ұсыныстар оқу-әдістемелік Кеңесте немесе оқу процесін бақылайтын органдарда қарастырылып, нақты ұсыныстар жүзеге асырылады.

Кәсіби педагогикалық практика портфолиосының қорғалуы немесе талқылануы екі нақты кезеңнен өтеді. Бірінші кезең практика өткен білім беру мекемесінің базасы, оған міндетті түрде сол мекеме басшылығы, студент-практикантқа бекітілген пән мұғалімі мен сынып жетекшісі қатысуы тиіс. Екінші кезең студент-практикант білім алып жатқан педагогикалық жоғары оқу орындарындағы мамандығына байланысты бекітілген кафедра көлемінде өтеді. Кафедрада арнайы комиссия құрылады, оның құрамына міндетті түрде факультеттен және педпрактикаға жетекшілік ететін басқармадан арнайы өкілдер қатысуы тиіс. Екі кезеңнің қорытынды бағалары есепке алынып орта бағасы студент-практиканттың ресми құжаттарына (ведомость, сынақ кітапшасы, платонус) қойылады.



Кәсіби педагогикалык практиканы бағалаудың негізгі критерийлері

3-4 курстарға арналған бағалау күрделі, себебі олардың практика мазмұны кең және мерзімі көп. Бұл курстарда студент-практиканттар сынама және сынақ сабақтарын жүргізеді. Портфолиодағы сабақтардың талдама үлгілері бойынша жауапты тұлғалар қатысады және толтырады және практика аяқталған соң әрбір студенттің таныстырылымы бағаланады. Сабақтар мен таныстырылымның бағасы қосылып ортақ баға шығады.

Бағалау «материалды беру», «мазмұны» және «ұйымдастырылуы» атты нақты үш критерий бойынша бағаланады. Әр критерий өз ішінен бірнше критерийлерге жіктеледі. Нұсқасы портфолиода көрсетілген. Студенттер таныстырылым және рефлексивті есеп талаптарымен практика алдында танысады. Қойылған талаптар мен портфолио тапсырмаларын мерзімінде орындаған студенттерде рефлексивті есепті жазуда да, қорғауда да еш қиындық туындамайды. Жауапты тұлғалар аталмыш критерийлер бойынша бағалау парағына өз бағаларын жазады.

«А», «А-» 90-100 балл аралығын 3,67 - 4 сандық эквиваленті құрайды, дәстүрлі формада «өте жақсы» деген бағалауға ие. Бұл бағаға педпрактика кезінде өзін барлық жағынан белсенді көрсеткен, критерийлер толыққанды сай, тапсырмаларды дер кезінде сапалы орындаған студент лайықты. Мұндай студенттің кері байланыс көрсеткіші де сәйкесінше жоғары болуы тиісті. Өз мамандығын игеруге ынталы, ұжыммен, оқушылар немесе тәрбиеленушілермен мәдени, әрі іскер қатынасқа түсе алатын студент лайықты.

Студент жоғарыда көрсетілгендей екі нұсқа бойынша бірнеше жауапты тұлғалар бағалауына ие болады. Жауапты тұлғалардың бірі жоғары бағаласа, екіншісі орташаға бағалауы мүмкін, сондықтанда «А», «А-» бағасын иеленуге тырысқан студент талаптардың барлығын қамтуы тиіс.

«В+», «В», «В-» 75-89 балл аралығын 2.67 - 3.33 сандық эквиваленті құрайды, дәстүрлі формада «жақсы» деген бағалауға ие. Аталмыш бағаны иеленгісі келген студент-практиканттың атқарған жұмыстары «А-» бағасына ие болған студентпен салыстырмалы түрде бағаланады. Талаптарды орындау барысында сапа жағынан, сәйкесінше кері байланыс көрсеткіші бойынша әлсіздеу студент лайықты болып табылады.



«С+», «С», «С-» 74-50 балл аралығын 1.67 - 2.33 сандық эквивалентін құрайды, дәстүрлі формада «қанағаттанарлық» деген бағалауға ие. Жақсы маман болуға ынталы студент-практикант бұл бағаға ие болмауы тиіс. Себебі студент-практикант сынама және сынақ сабақтарын өткізе отырып, өз таңдауына нүкте қоя алады.

«F», «FХ» 49-0 балл аралығын қамтиды, дәстүрлі формада «қанағаттанарлықсыз» деген бағалауға ие болады, бірақ «FХ» - қайта тапсыруға мүмкіндігі бар дегенді білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет