8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


- тақырып. Оқу – тәрбие жұмысын есеп ке алу



бет124/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

4- тақырып.
Оқу – тәрбие жұмысын есеп ке алу

Қарастырылатын мәселелер:



                1. Бақылау мен есепке алудың мәні.

                2. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексерудің негізгі әдістері



Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
3. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
4.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
5. М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.



                  1. Бақылау мен есепке алудың мәні.

Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік – ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет етеді. Ал ,екінші жағынан оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы.Мектептерде логикалық қызмет әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген
Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу – тәрбие процесін жан – жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау – күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір – бірімен тығыз байланысты және әр қайсысы белгілі бір қызмет атқаратынбөліктердің тұтастығынан тұрады.
Қазіргі зерттеушілер бақылауға келесідегідей талаптар қояды:

  1. бақылау мазмұнының талаптарға сәйкес болуы

  2. алынған ақпарат мазмұнының обьективтілігі мен анықтылығы

  3. оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі

  4. бақылау шапшаңдығы , жүйелілігі мен жариялығы

  5. бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру

Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:

      1. жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі компоненттері зерттеледі:

      2. тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты

Бақылаудың үш түрі бар:

    1. Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекітуәдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу:

    2. Күнделікті бақылау; сабақты немесе сабақтардың бақылау, оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу:

    3. Қорытынды бақылау; белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеужұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ – жауап өткізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет