Жоғары оқу орынан кейінгі білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, доктарантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадорларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамассыз етеді.
Кадрлардың бірлестігін арттыру және оларды қайта даярлау. Жұмысшылармен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнайы білім беру мекемелерінде, кәсіп орындарында , ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру–сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті үкімет басқару орындары бекітеді.
Сонымен білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының құзретін және адамгершілік, интелектуалды, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс.