1. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мұғалім жан – жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені шеше алатын, әр түрлі сұраққа бере алатын адам болуға тиіс.
А.С.Макаренко өзін талантты педагогпын деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген.
Шеберліктің негізі еңбектену екен.
Мұғалімнің қандай да болмасын іс - әрекетінің заттық саласы білімдер жүйесінде көрінеді. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол “оқу - әдістемелік” құралдарының өзінде орныққан.