3. Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері. Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай – күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата – аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата – аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден, ата – аналар балаларды еркімен қарым – қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс - әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс - әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесіне даналық ақыл – ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады.