Сабақтың тақырыбы: Батырлар биінің қимылдарын үйрену. Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі38,88 Kb.
#34442
Сабақтың тақырыбы: Батырлар биінің қимылдарын үйрену.

Сабақтың мақсаты: Батырлар биін үйрету арқылы ұлттық өнерді насихаттау, жас ұрпаққа халықтық би өнерінің қыр – сырын үйрету, өз елінің патриоты мен азаматын және эстетикалық талғамның жоғары болуына тәрбиелеу. Сазды әуенмен би ырғағын түсіндіру.

Сабақтың мідеті :

Ұлттық құндылықпен мәдениетке тәрбиелеу, бұдан бөлек дене қимылын жүріс – тәсілдерін дене мүмкіндіктерін көрсету және рухани көзқарасын қалыптастыру.

 

Би денесінің сымбатты болуына, жеңіл қимылдауға, шапшаңдыққа, қажырлыққа, музыкалық ырғақтықты нақты сезіне білуге үйрету



Сабақтың әдісі: әңгімелеу, би қимылдарын көрсету,өздерінің білетін би түрлерін билету, видеоролик көру.

Көрнекі құралдар: Суреттер,слайд,видеоролик,ұнтаспа.

Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызып би қимылымен сәлемдесу,түгендеу,көңілдерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы : Саптық жаттығулар жасау.Өткен сабақтағы би қимылдарын қайталау. Сырға, алқа, тарақ, құс қанаты, шаңырақ т.б.

Негізгі бөлім:

Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып,күні бүгінге дейін жалғасып келеді.Би өнері халқымыздың салт-дәстүрі,тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған.Би белгілі би әуендерімен,күйлермен,сүйемелденеді.Бүгінгі сабағымызда батырлар биінің қимылдарымен танысып,үйренеміз.Батырлар биінің басты тақырыбы-ерлік,батырлық,халықты,жерді сүю.Қазақ батырларын білесіндерме?-Қабанбай,Наурызбай,Кеңесары т.б.

Биде батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі-оның аты.Ат-ердің қанаты-дегендей батырлар биінде ат-ең жақын серігі.Ат шабыс қимылдарын уйренеміз.

Қазақ биінің элементтері:



Өкше қадам-шапшаң жүріс,

Аяқ тастау- аяқтың тез бүгілуі,

Ырғақ-тербетілу,

Қошқар мүйіз-қошқардың мүйізі тәрізді қозғалыс,

Қомдану-қыранның самғауы,

Белдеме-қол белде тұрады.

Видеоролик көрсету:Батырлар биі.

Үнтаспада: «Қаражорға» әуені қойылады .

–Бұл қандай би әуені ?

- Қаражорға

- Бәрекелді , ендеше кезінде драмалық театрдың артисі болған Рахым Асылбекұлы да «Қара жорға», «Қазақ биі» , «Ортеке» билерін шығарған.Ал соның ішінде «Қара жорға» биіне тоқтала кетейік. Бұл бидің ғұмырына көз салсақ бидің тарихына 7 ғасырдан асатынын зерттеушілер. Оның тарихы тереңде жатыр : ертеде бір байдың ешкімге бәйге бермейтін тайпалған керемет қаражорға аты болыпты .Күндердің күніндебайдың жалғыз қызына біреулер құда түсіп келеді.Қыз кетерінде әкесіне :

- Әке, қалың малымның өтеуі болсын,маған Қар ажорғаны берші – депті.Жорғаны берейін десе,тұлпарын қимайды,бермейін десе жалғыз қызын қимайды.Ақырында бермек болады. Қызы кетіп бара жатқанында әкесі.

-Қызым ,Қаражорғаны бір тайпалатып жорғалатшы,жат жұртқа алып кетіп бара жатырсың ғой,бір көріп қалайын-деген екен. Сонда атты ноқталы ұзын арқанмен бос қоя береді. Сонда ат су төгілмес жорғасына сала жөнеледі. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқындалып атпен бірге жорғалап бара жатқандай болады. Осы көріністі бақылап тұрған бір күйші «Қаражорға» күйін шығарады.Бұл күйдің әсерлі болғаны сонша оны естіген қазақ қимылсыз қала алмады.Бидің әуені халық күйі «Салкүреңмен» басталады.Бүгінде солай, қимылсыз тұра алмайсың.

Оқушылар Қара жорға биін орындайды.

Сергіту сәті: –Балалар бүгін біз «Ұтыс биі» ,яғни, ұтыс би-ойын түрімен танысамыз.Сонымен мына ұяшықтарды ашу арқылы түрлі ұлттың биін әр топтан бір-бір бала шығып,билеп беруі тиіс.

1.Қазақ батырларының есімдері?

2. Қандай би қимылдарымен таныстық?

3. Батырдың серігі?

Үй тапсырмасы: би қимылдарын күнделікті жаттығу .   

Лаззат Мендигалиева



Жаңақала ауданы ЖЖОББМ

Батыс Қазақстан облысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет