2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері. Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі–мемлекеттік басқарудан мемлекеттік–қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік–қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім проблемеларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата–аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:
– білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
– республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
– білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
– білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талп деңгейін қамтид. Білім беруді басқру оргондарынң міндеті білім луды формальді түрде қамтмасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін–өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.
Білім беру саласында мемлекеттік саясатт дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік оргондары құрылады. Олар республикалық, облстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.
Мемлекеттік басқару оргондары–білім және ғылым министрлігі ,облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім беруді мақсат бағдарламаларн жасайды және іске асрад; мемлекеттік білім стндарттарын жасап, білім туралы құжаттардың балмаларын айқндайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.
Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару оргондарының бірқатар функциясын жергілікті оргондарға беру. Бұл жерде республикплық оргондар стратегиялық бағыттырды талдап жасаумен айналысса , жергілікті оргондар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелемен айналысуы тиіс.