8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Дамыта оқыту технологиясы



бет141/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

Дамыта оқыту технологиясы


  1. Л.В. Занков жүйесі

  2. Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту жүйесін салыстыру.

Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктермен, өзгешеліктермен айқындайды.

  • оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

  • әдіс – тәсілдердегі ерекшеліктер;

  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

  • мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай – ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруына тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби – публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Мазмұндағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамассыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта тереңдей ұсынылады. Бұл жүйе бойынша “негізгі, қосымша” пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады. Және олар бір – бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады.
Л.В. Занков жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет