8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері



бет156/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

2.Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері.
Венгрия, Югославия және Чехословакия елдерінде “Бес” баллды жүйе қолданылады. Венгрия мен Югославияда “Бес” жоғары, “Бір” төмен баға, ал Чехославакияда “Бір” жоғары, “Бес” төмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия, Ауғанстан мектептерінде оқушыларға 1 – ден 10 – ға дейін қойылады. 10 - өте жақсы, 1 - өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5, 6 сандық белгілермен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 баллдық жүйе бойынша, ал лицейде 20 баллдық шкала арқылы баға қойылады.
АҚШ – да оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С жақсы, Д,Е жаман баға. Көптеген оқу орындарында бір жастағы әртүрлі дарынды оқушылар топтарға бөлінеді: А – дарынды, В – қарапайым, С – қабілетсіз.
Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары қолданылады, оны мадақтау деп атайды. Мұғалім оқушының жауабын тыңдап болған соң оған: “бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлде - қайда жақсы және тыңғылықты, мақтауға тұрарлық. Жарайсың !” дейді. Бірақ, оқушыларға баға қойылмайды. Өйткені, материалды игеруді есепке алу үшін логикалық есептер жүйесін және әртүрлі тесттер қолданылады, оларды мұғалім жасайды. Тесттер бойынша оқушылардың жауабын 10 – нан 100 ұпайға дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады, онда әрбір оқушының ұпай саны алынады.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез – құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет