8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны



бет185/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

С-вариант

1. Мұғалімнің сабақтарға дайындалуының бұл кезеңінде ол қоғамдық саяси, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделейді. Осы кезең не деп аталады?


А) Перспективтік


В) Тікелей
С) Алдын-ала
Д) Негізгі
Е) Мазмұндық

2. “Жаңа материалды ұғыну бойынша жұмыс процесінде мұғалім мысалдар мен тәжірибені пайдалана отырып, оқушыларға танымдық проблемаларды қойып, оларды ойлауға ынталандырылады” Бұл қандай оқыту әдісі?


А) Білім практикада пайдалану қабілеттері мен дағдыларын


қалыптастыру бойынша оқу жұмыстары әдісі
В) Мұғалімнің білімдерді ауызша мазмұндау әдісі
С) Игерілетін материалды бекіту әдісі
Д) Оқушылардың жаңа материалды ұғынуы және игеруі бойынша
өзіндік жұмыстар әдісі
Е) Проблемалы баяндау әдісі

3. Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістерден құралған оқыту әдістерінің жіктелуі негізінде не жатыр?


А) Білім көздері бойынша жіктеу


В) Білімді игерудің проблемалылығы және оқудың тиімділігі
денгейінің негізіндегі жіктеу

С) Танымдық іс-әрекеттің сипаты бойынша жіктеу


Д) Оқыту процесіне тұтастық тұрғы негізінде келу бойынша жіктеу
Е) Сабақтардың дидактикалық мақсаттары мен міндеттерінің және
мұғалім мен оқушылардың оларға байланысты іс-әрекет түрлерінің
негізінде жіктеуі

4. Мына формалардың қайсысы оқытуды ұйымдастырудың формаларына жатпайды?


А) Практикалық және лабораториялық жұмыстар


В) Өзіндік үй жұмысы
С) Сынып сағаты
Д) Саяхаттар
Е) Оқу шеберханаларындағы жұмыс

5. Сабақтың түрін анықтауға негіздеме болатын не?


А) Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты


В) Оқыту заңдылықтары
С) Сабақтың тақырыбы
Д) Сабақ үстінде шешілетін негізгі дидактикалық міндет
Е) Оқыту принциптері

6. Мектептегі білім берудің мазмұнын анықтайтын құжаттарды атаңыз:


А) Оқу жоспары


В) Оқу-әдістемелік құралдар мен хрестоматиялар
С) Оқулықтары
Д) Оқулықтар
Е) Оқу құралдары

7. Оқылатын оқушылардың санына оқыту уақыты мен орынына, сонымен қатар оны жүзеге асыру тәртібіне байланысты болатын оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы бинесін анықтайтын дидактикалық категория ... деп аталады.


А) Тәрбие формасы


В) Оқыту принциптері
С) Оқыту әдістері
Д) Тәрбие әдістері
Е) Оқыту формасы
8. Оқу процесін белсендіру құралдарының бірі, адам іс-әрекетінің қандай да бір практикалық жағдайларды үлгілейтін, еліктеп қайталайтын формасы .... деп аталады.

А) Дискуссия


В) Диспут
С) Іскерлік ойын
Д) Дөңгелек стол
Е) Педагогикалық жағдай
9. Төмендегі көрсетілген пункттердің қайсысы мектеп директорының оқу тәрбие істері жөніндегі орынбасары міндеттерінің тізіміне енбейді?

А) Оқушылардың оқу жүктемесін реттейді


В) Оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс қойылуын, оқушылардың
үлгерімдері мен мінез- құлықтарын бақылауды жүзеге асырылады
С) Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырады
Д) Оқу сабақтарының кестесін құрастырады
Е) Жергілікті қоғамдық ұйымдармен, негізгі өндіріс орындарымен
байланыста болады

10. Төмендегі көрсетілген пункттердің қайсысы мектептен тыс және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы міндеттерінің тізіміне енбейді?


А) Оқу сабақтарының кестесін құрастыру


В) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда мәдениет және
балалар тәрбиелеу мекемелерін, әлеуметтік кеңінен тарату
С) Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының және оны жүзеге асыруда
бақылауды жоспарлау
Д) Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыруда
мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, оқушылар ұжымының
белсенділеріне әдістемелік көмек көрсету
Е) Анағұрлым маңызды жалпы мектептік және мектеп аралық іс-
шаралары өткізуге қатысу
11. Қандайда бір білім мекемелерінде игерілетін пәндердің құрамын, оларды игеру тәртібі мен ретін, жалпы курспен, оның құрамдас бөліктерін игеруге бөлінетін сағаттар санын анықтайтын құжат ... деп аталады.

А) Оқу бағдарламалары


В) Оқу жоспары
С) Мемлекеттік стандарт
Д) Профессиограмма
Е) Біліктілікке сипаттама

12. Ағарту саласында мемлекет саясатының принциптерін жүзеге асыратын, тарихи қалыптасқан және өзара байланысқан оқу-тәрбие мемлекеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы ... деп аталады.


А) Үздіксіз білім беру


В) Кәсіби даярлау жүйесі
С) Білім беру жүйесі
Д) Өзіндік білім алу
Е) Жалпыға бірдей орта білім

13. Халық аз қоныстанған ауылдық жерлерге қандай мектеп түрлері тән?


А) Сырттай жалпы білім беретін орта мектептер


В) Мектеп интернаты
С) Жалпы орта білім беретін кешкі мектептер
Д) Шағын кешенді мектептер
Е) Жалпы білім беретін сауықтырушы орманды-шипажайлы
мектептер

14. Мектептегі білім берудің мазмұны қандай құжаттармен анықталады?


А) Сабақ жоспарлары


В) Оқу құралдары, анықтамалар
С) Хрестоматиялар, энциклопедиялар
Д) Әдістемелік ұсыныстар
Е) Оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқулықтар

15. Мектепті мақсатқа сай басқару және педагогикалық ұжымының іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір оқу жылына ... түзіледі.


А) Оқу-тәрбие жұмысының жоспары


В) Тақырыптық жоспары
С) Үйірме жұмыстарының жоспар графигі
Д) Сабақ кестесі
Е) Спорттық-көпшілік жұмыстар жоспары

16. Мақсаты - оқушыларға табиғат пен қоғам жайлы маңызды ғылымдар негіздерін меңгерту, олардың интеллектуалды ой-өрісін кеңейту, дүниетанымы мен мәдениетін дамыту болып табиғатын білім беру ... деп аталады


А) Орта
В) Жалпы


С) Кәсіптік
Д) Политехникалық
Е) Жоғары

17. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін басқару қандай мемлекеттік құжат негізінде жүзеге асырылады?


А) Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру


тұжырымдамасы
В) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңы
С) Қазақстан Республикасының білім туралы заңы
Д) Қазақстан Республикасындағы этномәдениеттік білім беру
тұжырымдамасы
Е) Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы
тұжырымдамасы

18. Мектептің жаңа оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын құру ... анықтаудан басталады?


А) Мектептің өткен жылғы жұмысын талдаудан


В) Оқу тәрбие жұмыстарының міндеттерін белгілеуден
С) Негізгі іс-шараларды жоспарлаудан
Д) Оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтаудан
Е) Оқу тәрбие және спорттық-көпшілік жұмыстардың негізгі бағыттары

19. Адамның қазіргі заманғы өндірістің ғылыми негіздері жайлы білімдер жүйесін және оған парапар техникалық қабілеттіліктерді, еңбекке деген шығармашылық қарым-қатынасты дамыту қабілеттерін мен дағдыларын меңгеру процесін және нәтижесі ... деп аталады.


А) Кәсіптік оқыту


В) Еңбекке оқыту
С) Кәсіптік білім
Д) Жалпы білім
Е) Политехникалық білім

20. “Оқу процесі субъектілерінің өзара іс-әрекет, қарым-қатынас феномені” педагогикалық әдебиетте және мектеп практикасында не деп аталады?


А) Ұжымдағы танымдық іс-әрекет


В) Оқыту процесі
С) Оқыту әдістері
Д) Әңгіме
Е) Әңгімелеу
21. Оқу іс-әрекетін ұжымдық түрде үйымдастыру мүмкіндіктерін жүзеге асырудың жоғарғы кезеңі не?

А) Әлеуметттік тәжірибені игеру


В) Өзара оқыту
С) Өзіндік жұмыс
Д) Бірлескен еңбек
Е) Қарым-қатынас

22. Оқытуды сабақта ұйымдастырудың бұл формасы бойынша сынып оқушылары 3-8 мүшеден құралатын топтарға бөлініп, өзара келісілген жұмыс жоспары немесе тәртібі бойынша, өзара жауапкершілікпен оқу материалы бойынша жұмыс істейді. Ол ... деп аталады.


А) Жаппай


В) Жұп
С) Жеке
Д) Топтық
Е) Саралық форма

23. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің негізгі тұрғылыры қандай?


А) Проблемалы оқыту, эвристикалық


В) Ұжымдық, жаппай жеке
С) Тарихилық, табиғатқа сәйкестік принципі
Д) Оқу-танымдық, әлеуметттік, тұлғалық
Е) Іс-әрекеттік, тұлғаға бағдарлаушылық, зерттеушілік

24. Мектеп ішіндегі бақылаудың түрлері:


А) Алдын-ала, ағымдық, қорытынды


В) Мерзімді, қорытынды
С) Жалпы, жеке
Д) Тақырыптық, қорытынды
Е) Алдын-ала, мерзімді

25. Мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын бақылауға қойылатын негізгі талаптар:


А) Оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау


В) Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкестігі
С) Оқушылардың тәрбиелік деңгейі
Д) Тәрбие жұмыстарының және сабақтардың жоспарын тексеру
Е) Мектеп құжаттамаларын жүргізудің, сабақтардың және
сабақтан тыс жұмыстардың сапасын тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет