Сөздік ақпараттық топқа лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігін нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер тобына оқушылардың іс - әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады.
Ынталандыру және тежелеу әдістер тобына: ынталандыру әдістері (сенім, жағымды баға, мақтау, мадақтаудың түрлері; алғыс айту, әр түрлі сиылықтар, шарапаттар т.б.; тежелеу әдістері (жазалаудың бірнеше түрлері: ұялту, сөгіс,ескерту).
Сонымен топтарда көрсетілген әдістерді құқықтық және құқық тәрбиесіне ортақ десек артық болмайды, өйткені, олардың бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.