8-сабақ. Сұйықтықтарды қайнату кезіндегі жылу алмасу. Сұйықтықты қайнату режимдері


-сабақ.Сәулелі жылу алмасу заңдары және оның анықтамалары.Сәулелену арқылы жылу алмасудың маңызды заңы- Стефан-Больцман заңы



бет3/3
Дата30.09.2024
өлшемі77,95 Kb.
#205389
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8-сабак масса-обмен

9-сабақ.Сәулелі жылу алмасу заңдары және оның анықтамалары.Сәулелену арқылы жылу алмасудың маңызды заңы- Стефан-Больцман заңы
Жылулы сәуле шығару барлық денелерге тән. Егер дененің бетіне Qс.ж мөлшерде сәулелі жылу түссе оның тек бір бөлігі ғана денемен сіңіріліп жылу энергиясына айналады да басқа бөлігі дене бетінен шығарылып қалған бөлігі дене арқылы өтңп кетеді.
Qс.ж=Qa+Qr+Qd (1)
немесе
Qa/Qcж+Qr/Qсж+Qd/Qсж=1 (2)
(1,2) теңдеудегі Qa/Qcж дененің сәулелі жылуды сіңіруі, Qr/Qсж шағылысу, Qd/Qсж өзінен өткізіп жіберу қабілеттерін сипаттайды.

Егер Qa/Qcж= A Qr/Qсж=R және Qd/Qсж=V деп бейнелесек онда

A+R+D=1 (3)

A,R,D – лардың сан мәніне қарай денелер төмендегі түрлерге бөлінеді


- егер А=1(R=D=0) болса онда денеге түскен сәулелі жылудың барлығы сіңіледі мұндай дене – абсолют (мүлде) қарда деп аталады;

- егер R=1 (A=R=D) болса, онда денеге түскен сәулелі жылудың барлығы шағылысады мұндай дене абсолют ақ деп аталады;


- егер D=1 (A=R=0) болса, онда денеге түскен сәулелі жылудың барлығы денеден өтіп кетеді. Мұндай дене абсолют мөлдір дене деп аталады.
Табиғатта абсолют қара, ақ және мөлдір денелер жоқ. A,R және D лардың арасындағы байланыстар дененің табиғатына беттің түріне және оның температурасына байланысты болады. Әдетте қатты дене және сұйықтар үшін D=0 R+A =1 болады. Газдар негізінен мөлдір денелер қатарына жатады. Нақты жағдайда денелер бетіне түскен сәулелі энергияның бір бөлігі сіңіріледі, тағы бір бөлігі шағылысады, ол қалғаг бөлігі денеден өтіп кетеді. Мұндай денелер сұр денелер деп аталады.
Стефон –Больцман заңы
Беті F дененің Т уақытта шығарған сәулелі мөлшерін дененің сәуле шығару қабілеттілігі деп аталады.
Е=Фсж/Тf=Вт/м² (4)
Стефон - Больцман заңы бойынша : сұр дененің сәуле шығару қабілеттілігі оның абсолюттік температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал болып келеді.
E=C(T/100)4; (5)
С –сұр дененің сәуле шығару коэффициенті деп аталады.
Екі сұр арасындағы сәулелі жылуалмасу
Сұр беттердің арасындағы сәулелі жылуалмасуда сәулелі энергияның бір беттен екінші бет арасында олар толығымен жұтылғанша шағыла беретіндігімен күрделінеді. Бірақ, осы жағдайдың өзінде де бір денеден екінші денеге берілетін жылу мына формуламен анықталады, ккал/сағ.:
(1)

мұндағы Спр-сәуле шығарудың келтірілген коэффициенті.


Екі сұр денеден тұратын тұйық жүйеге арналған сәуле шығарудың келтірілген коэффициентін, ккал/м2чК, Д. В Будрин былайша табуды ұсынады:
(2)

мұндағы Ɛ1, Ɛ2 - 1 және 2 денелердің қараю дәрежесі;

Со= 4,96- абсалютті қара дененің сәуле шығару коэффициенті, ккал/м2чК
Сәулелі жылуалмасудың жеке жағдайларын қарастырамыз.

Бір-біріне жақын орналасқан үлкен параллель беттер арасындағы сәулелі жылуалмасу. Бұл жағдайда және сәуле шығарудың келтірілген коэффициенті мына формуламен анықталады:


(3)

Бірінің ішінде екіншісі орналасқан екі дене (екі коаксидалды цилиндірлер, екі концентрлі шарлар және т.б.) арасындағы сәулелі жылуалмасу:


Бұл кездегі ішкі дененің сыртқы денемен салыстырғандағы бұрыштық коэффициенті және сыртқы дененің ішкі денемен салыстырғандағы бұрыштық коэффициенті тең болады.
Жалынның сәуле шығаруы. Оттық бен пештің жану камерасында тек жану өнімдерінің ғана қозғалысы болмайды, сонымен қатар, онда жанғыш газдардан (көміртегімен шаңдар) тұратын жалын да болады.
Жалын түссіз және сәуле шығаратын болып бөлінеді. Жалынның сәуле шығаруы ондағы көмірсутекті қосындылардан пайда болатын күйелі көміртектің мөлшерімен анықталады. Бұндай ұсақ бөлшектердің өлшемі 2 мкм (бұл көзге көрінетін сәуленің өлшемдеріне пара-пар) тең. 1 см3 жалында ондаған миллион осындай бөлшектер бар. Жоғары температуралы ашық жарқылдайтын жалынды, кенеттен салқындатсақ (тоңазытып), онда жанбай қалған көміртекті жинап, өлшеуге болады. Жалында күйелі көміртегінең басқа көмір шаңдары және ұшпалы күлдер (10 мкм,1000 мкм) де бар.
Газ ағынындағы ұшып жүрген күйелі көміртегі жалынның қараю дәрежесін және оның сәуле шығару қабілеттілігің арттырады. Сондықтан, аз көміртекті газбен жанатын жоғарғы температуралы пештерге жалынның қараю дәрежесін көбейту үшін, оған карбюрация (қоспа қосу арқылы қанықтыру) жолымен ұсақ бүркілген шәйірлер (смола) және қарамай (мазут) қосады. Мартен пештерін генератор газымен жаққанда оған 1м3 газға 10, 30 г шәйір немесе қарамай қосады.
Сәуле шығаратын жалынның қараю дәрежесі мыналардан
- отынның қасиеттерінен, газ тәрізді отындарда көмірсутекті қосындылар мен шәйірлерден;
- отынды жағуға дайындау жолынан (мысалы, қара майды жаққанда оның бүрку размерлерінен, оның жылыту дәрежесінен, шаң тәріздердіотындарды жаққанда оның ұсақталу дәрежесінен);
- отынмен ауаның араласу тәсілімен, яғни бүріккүш бен жанарғының (гарелка) құрылымынаң және олардың жұмыс істеу режимінен;
- оттық кеңістігінің құрылысы мен оның жұмыс істеу режимінен және ондағы газ қабатының қалындығынан, газдың температурасынан, газ ағындарының циркуляциясынаң (айналысынан) тәуелді:
Сәуле шығаратын жалынның қараю дәрежесі мына формуламен анықталады:

(4)


мұндағы, Ɛ г - үш атомды газдардың болуымен анықталатын жалынның қараю дәрежесі (көрінбейтін сәуле шығару);
Ɛ вид - газ ағынында қалқып жүрген көзге көрінетін көміртегі бөлшектерімен анықталатын қараю дәрежесі;
Ɛсв - өзара сәуле шығаруға арналған түзету.
Сәуле шығаратын жалынның қараю дәрежесі есептеу кезінде бағалауы қиынға соғатын факторлардан тәуелді, сондықтан есептеу мөлдір жалындарға жасалады да, содан кейін отынды жағу тәсіліне және отынның түріне байланысты түзету көбейткіштері қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет