8-сынып. Қазақ тілі. 3-тоқсан. №1 бжб оқу мақсаты



бет1/2
Дата09.10.2023
өлшемі21,92 Kb.
#184354
  1   2
Байланысты:
8-сынып Қазақ тілі 3- тоқсан №2 БЖБ


8-сынып. Қазақ тілі. 3-тоқсан. №1 БЖБ
Оқу мақсаты: 8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу;
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы анықта.
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.
Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.
Стилі:
Қолданылу аясы:
Мақсаты:
Ерекшелігі:
Тілдік құралдары:


2-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөзге 2 сөйлем, оңашаланған айқындауышқа 2 сөйлем, қосарлы айқындауышқа 2 сөйлем құрастырыңдар.



Бағалау критерийі



Дескриптор

Б

публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды

1

Стилі:
Қолданылу аясы:
Мақсаты:
Ерекшелігі:
Тілдік құралдары:

2
2



сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана біледі



2

бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөзге 2 сөйлем

2

оңашаланған айқындауышқа 2 сөйлем

2

қосарлы айқындауышқа 2 сөйлем



2

Барлығы

10





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет