8 сынып биология Тест тапсырмалары (тексеріске) Өсімдіктердің эволюциялық бастамасы неден басталады?



Дата08.02.2022
өлшемі21,44 Kb.
#122941
Байланысты:
8 сынып Тест тап тексеріске


8 сынып биология Тест тапсырмалары (тексеріске)

  1. Өсімдіктердің эволюциялық бастамасы неден басталады?

А)Вирустардан В) Губкалардан
С) Амебадан Д) Балдырдан Е) Біржасушалы талшықты эукариоттардан

  1. Балдырлар қандай өсімдіктер түріне жатады?

А)Жоғарғы сатыдағы В)Төменгі сатыдағы
С)Ашық тұқымды Д)Жабық тұқымды Е)Эхинококк
3. Балдырлардың таллом деп аталуының себебі неде?
А)Ұлпалардан тұратындықтан В)Мүшелерден тұратындықтан
С)Ұлпалар мен мүшелерге бөлінбегендіктен Д) Ұлпалар мен мүшелерге бөлінгендіктен
Е)Жасушалары үлкен болғандықтан
4. Ауа мен топырақ өсімдіктер үшін қандай пайдасын тигізді?
А)Фотосинтездің жүруіне В)Бойының өсуіне
С)Санының көбеюіне Д)Мүшелер мен ұлпалардың қалыптасуына
Е)Әртүрлі күлтелерінің дамуына
5. Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылар қандай өсімдіктерге жатады?
А)Жоғарғы сатыдағы В)Төменгі сатыдағы
С)Алабота тұқымды Д)Жабық тұқымды Е)Күлтелілер
6. Құрлықта өсуге бейімделген алғашқы өсімдікті көрсетіңіз?
А)Плаун В)Қырықбуын
С)Қырықжапырақ Д)Мүк Е)Қарағай
7. Мүктәрізділер мен қырықжапырақ тәрізділердің көбею мүшесі не болып табылады?
А) Тұқым В) Спорангий
С) Жатыр Д) Сабақ Е) Тамыр
8. Жойылып кеткен тұқымды қырықжапырақтар қандай өсімдіктің бастамасы болды?
А) Ашықтұқымдылар В) Қырықбуындар
С) Қырықжапырақтар Д) Мүктер Е) Плаундар
9. Қылқанжапырақтылар класына қандай өсімдіктер жатады?
А) Бауыр мүктер В) Қарағай , улотрикc
С) Хлорелла, вольвокс, cпирогира Д) Диатом балдыр, хламидомонада
Е) Шырша, қарағай, балқарағай, арша
10. Қылқанжапырақтылар класының маңызды белгісі қайсысы?
А) Жемісі В) Тұқымы
С) Спорангий Д) Инетәрізді жапырақтары Е) Жалпақжапыррақтары
11. Көбеюдің жаңа мүшесі – гүл қандай өсімдікте бірінші пайда болады?
А) Жоғарғы сатыдағы В) Төменгі сатыдағы
С) Алабота тұқымды Д) Жабық тұқымды Е) Күлтелілер
12. Органикалық заттардың ерітінділері не арқылы тасымалданады?
А) Сүзгілі түтіктер В) Гүл сағағы
С) Күлте жапырақша Д) Ксилема арқылы Е) Сүрек арқылы
13. Еріген минералды заттары бар су сүректің ұзын түтікшелері немесе ксилема арқылы қайда барады?
А) Тамырдан жапыраққа В) Тамырдан камбийге
С) Тамырдан сабаққа Д) Жапырақтан тамырға Е) Жапырақтан сабаққа
14. Гүлді өсімдіктердің эволюциясы мен таралуында маңызды рөл атқаратын не?
А) Шұбалшаң В) Тұқым
С) Шаң Д) Су Е) Тозаңдандырғыш жәндіктер
15. Саңырауқұлақтар қай патшалыққа жатады?
А) Өсімдіктер В) Жануарлар
С) Вирустар Д) Балдырлар Е) Жеке патшалық
16. Жабықтұқымды өсімдіктердің бөлімдері қандай кластарға бөлінеді?
А) Тұқымды және сағақты В) Жарнақты және жарнақсыз
С) Даражарнақты және қосжарнақты Д) Гүлді және гүлсіз
Е) Жарнақты және гүлсіз
17. Буынаяқтылар типіне берілген бұрыс анықтаманы табыңыз,
А) Хитинді жабыны бар
В) Сегменттерден буындардан тұрады
С) Терібұлшық ет қапшығын түзілген
Д) Денесі үш бөлімнен тұрады
Е) Денесі төрт бөлімнен тұрады
18. «Шіріген жапырақтар – құнарлы азық емес» сол себепті жауын құрттарда қандай мүше қалыптасты?
А) Ішек В) Қарын
С) Өңеш Д) Тіс Е) Жемсау, қатпарлы асқазан
19. Күйіс қайтаратын жануарлардың асқазанының ерекшелігі қандай?
А) Асқазаны болмайды В) Төрт камералы
С) Екі камералы Д) Тегіс Е) Қатпарлы
20. Буынаяқтылар типіне омыртқасыздардың қанша класы жатады?
А) Шаян тәрізділер, өрмекшітәрізділер мен балдырлар
В) Шаян тәрізділер, өрмекшітәрізділер мен амеба
С) Шаян тәрізділер, өрмекшітәрізділер мен жәндіктер
Д) Өрмекшітәрізділер мен жәндіктер
Е) Шаян тәрізділер, өрмекшітәрізділер мен жәндіктер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет