Қоршаған орта факторларына ұшыраған металдардың біртіндеп жойылуы коррозия деп аталады. Коррозия металл бөлшектерінің қызмет ету уақытын азайтады, сол себепті жағымсыз құбылыс болып есептеледі. Болат пен темірдің коррозиясы тат басу деп аталады.
Темірдің тат басуын тудыратын негізгі фактор – ауамен қосылған су. Темір мен болат оттек және сумен әрекеттесіп, қызыл-қоңыр түсті гидратталған темір (III) оксидін түзеді: