Іс жүзінде көптеген металдар оттекпен тікелей әрекеттесіп, оксидтерді түзеді. Мұндай реакцияларды тотығу реакциялары деп те атайды. Белсенді металдар ауаның құрамындағы оттекпен оңай әрекеттеседі. Жоғарыда атаған алюминийден жасалған ыдыстардың біраз уақыт өткеннен кейін жылтырламай қалуы ыдысты осы оттектің қаптауымен байланысты.
Және бұл реакциялар түрлі температурада, әртүрлі жылдамдықпен жүреді.