8 сынып Нұр Сұлтан қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі Химия пәні мұғалімі: Дәнебек Күлпан Тұрсынбекқызы



бет1/2
Дата15.03.2022
өлшемі0,8 Mb.
#135467
  1   2

Тақырыбы: «Коваленттік байланыс»
8 сынып

Нұр - Сұлтан қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейі
Химия пәні мұғалімі: Дәнебек Күлпан Тұрсынбекқызы
Оқу мақсаты
Бағалау критерийлері
  • коваленттік байланыс қандай элемент атомдарының арасына түзілетінін біледі
  • коваленттік байланыстың түзілу механизмін түсінеді

8.1.4.1 -электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
Сіздің білетініңіз:
Сіздің үйренетініңіз:
  • Электртерістілік дегеніміздің не екенін
  • Қай элементтердің электртерістілігі жоғары болатынын
  • Қай элементтердің электртерістілігі төмен болатынын
  • Химиялық байланыстың қандай түрлері болатынын
  • Коваленттік байланыс деген не және қалай жіктелетінін
  • Коваленттік байланыстың түзілу механизмін

Қайталау тапсырмалары
1.Атомдар қосылыс түзу үшін қай бөлшектермен жұмыс жасайды?
А)протон Б)нейтрон С)электрон Д)нуклон
2.Электртерістіліктің сандық мәнін кім есептеп тапты?
А) Лавуазье Б)Полинг С)Пристли Д)Менделеев
3.Электртерістігі ең жоғары элементті көрсетіңіз?
А) CL Б)N С)F Д)O
4.Электртерістігі ең төмен элементті көрсетіңіз?
А)Cs Б)Na С)K Д)Ca
5.Период бойынша элементтердің электртерістігінің мәні қалай өзгереді?
А)кемиді Б)кемиді,сосын артады С)өзгермейді Д) артады
6. Негізгі топшаларда элементтердің электртерістігінің мәні қалай өзгереді?
А)кемиді Б)артады, сосын кемиді С)өзгермейді Д)артады
Жауабымызыды тексереміз
1.Атомдар қосылыс түзу үшін қай бөлшектермен жұмыс жасайды?
А) протон Б) нейтрон С) электрон Д) нуклон
2.Электртерістіліктің сандық мәнін кім есептеп тапты?
А) Лавуазье Б) Полинг С) Пристли Д) Менделеев
3.Электртерістігі ең жоғары элементті көрсетіңіз?
А) CL Б) N С) F Д) O
4.Электртерістігі ең төмен элементті көрсетіңіз?
А) Cs Б) Na С) K Д) Ca
5.Период бойынша элементтердің электртерістігінің мәні қалай өзгереді?
А)кемиді Б)кемиді,сосын артады С)өзгермейді Д) артады
6. Негізгі топшаларда элементтердің электртерістігінің мәні қалай өзгереді?
А) кемиді Б) артады, сосын кемиді С) өзгермейді Д) артады
Су- H2O
Химиялық байланыс
  • Коваленттік байланыс
  • Иондық байланыс
  • Металдық байланыс
  • Сутектік байланыс

Коваленттік байланыс
Коваленттік байланыс дегеніміз атомдардың сыртқы электрондық қабатындағы дара электрондарын жұптастыру арқылы түзілетін байланыс . Коваленттік байланыстың екі түрі бар. Полюсті ковалентті байланыс және полюссіз ковалентті байланыс
Полюссіз коваленттік байланыс
Полюссіз коваленттік байланыс дегеніміз бірдей бейметалл атомдарының сыртқы электрондық қабатындағы дара электрондарын жұптастыруы арқылы түзілетін байланыс .
Полюсті коваленттік байланыс
Полюсті коваленттік байланыс дегеніміз әртүрлі бейметалл атомдарының сыртқы электрондық қабатындағы дара электрондарын жұптастыру арқылы түзілетін байланыс .
Енді, тақырыпта бейнеролик қараймыз
https://www.youtube.com/watch?v=ENt5ZDER-rw&t=106s
Жаттығу жасау
Енді , оқулықтағы 130-беттегі №3-жаттығуды орындаймыз:
Келесі қосылыстардағы химиялық байланыстың түрін атаңдар: F2 , NH3 , O2 , H2S , I2 , PH3, HBr , CO
Енді, өз жауаптарыңызды тексеріп, сәйкес ұпайларыңызды қойыңыздар
F2 полюссіз ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
NH3 полюсті ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
O2 полюссіз ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
H2S полюсті ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
I2 полюссіз ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
PH3 полюсті ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
HBr полюсті ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
CO полюсті ковалентті байланыс (0,5 ұпай)
“Кім жылдам?”
«Кім жылдам?» ойынында екі заттар жұбының, қайсысында полюстіліктің жоғары екендігін жылдам тауып, хабарламаға жазасыздар. Ол үшін сіздер оқулықтағы 127 -беттегі 18-кестедегі элементтердің электртерістік мәніне сүйенесіздер. Яғни, молекуладағы атомдардың электртерістігінің мәндерінің айырмасы неғұрлым жоғары болса, молекула соғұрлым полюсті болады
  • MgO және CI2O
  • K3N және K2O
  • CO және NO

Өз жауаптарыңызды тексеріңіздер
  • MgO және CI2O
  • K3N және K2O
  • CO және NO

  • Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай , барлығы 3 ұпай

Енді оқушылар, 130-беттегі №6-жаттығудағы кестенің бірінші бағанында заттардың формуласы берілген, екінші бағанында химиялық байланыстың түрі берілген. Сіздер заттар мен ондағы байланысты сәйкестендірулеріңіз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет