8-сынып Сабақ № Күні: Тақырыбы



бет6/10
Дата07.05.2017
өлшемі1,29 Mb.
#16059
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ №

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: №4 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы
Білімділік: Ауа массалары, температура мен жауын-шашынның таралуын анықту. Климат тақырыбын қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Карта бойынша ауа массаларының, температураның мен жауын-шашынның таралуын таралуын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалықкартасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі



Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

3

1. «Қазақстанның климаты» тақырыбын қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

2. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:

карта бойынша ауа массаларының қозғалысын, температура мен жауын-шашынның таралуын анықтау.

3. Қорытындылау




1. Тақырыпты қайталау сұрақтары мен тапсырмалары:

1) Қазақстанның климатын қалыптастырушы факторларын анықтаңдар.

2) Қазақстанның аумағы қандай климаттық белдеуде жатыр?

3) Қазақстанның климатын қандай ауа массаларының типтері қалыптастырады?

4) Қазақстанда қандай ең жоғарғы (максимум) және ең төменгі (минимум) температура байқалады?

5) Қазақстанның әр аймақтарында жыл маусымдарына байланысты жауын-шашын қалай таралған? Неліктен?

6) Қазақстанның қай аймағында жауын-шашын көбірек, қай аймағында азырақ түседі? Неліктен?

7) Биік таулы аймақтардағы климаттың қандай ерекшеліктері бар?

8) Климат адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?

9) Климатпен байланысты қандай қауіпті атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

10) Агроклиматтық қорлар дегеніміз не? Олар қалай пайдаланылады?

11) Республика жерінде қандай ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі?

2. Сарамандық жұмыс дәптерлеріне карта бойынша климат сипаттамаларын жазады.


4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. Ойнынның нәтижесін саралап, жеңімпаз қатарды анықтайды.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Литосфера» тақырыбын қайталау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Сабақ: №

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері

Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама


Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігініңәсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту. Өзен жүйесі, өзен алабы, өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттау. Өзендерінің қоректенуі мен режиміне тоқталып түсіндіру. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жаттын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:

1) Өзеннің бастауы деген не?

2) Өзен жүйесі деген не?

3) Өзен алабы деген не?

4) Суайрық деген не?

5) Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар?





Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:

1) Өзеннің басталатын жерін өзеннің бастауы деп атайды.

2) Суы бір-біріне қоысылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын өзен мен оның салаларының жиынтығы.

3) Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі. Жеке өзен алаптары бір-бірінен суайрық сызықпен бөлінеді.

4) Өзендердің су жинайтын көршілес алаптарын бір-бірінен бөліп тұратын сызық.

5) Қазақстан аумағында Ертіс, Есіл, Сырдария, Жайық, Шу, Іле, Тобыл өзендері бар.




3

Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып, олардың ішінде оқушылар атаған 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асатынын айтады. Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 – жасы әр түрлі, 2 – өзендердің әркелкі таралуы.

Оқушыларға сұрақ береді: Қазақстанның өзендері қоректену көздеріне және суының режиміне қарай қандай типтерге жатады? Кейін мұғалім өзі қорытындылайды: Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде ағып өтетін су мөлшері. Ол м3/с есебімен өлшенеді: Q=Fм2*V м/с.

Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.

Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш-Алакөл көлдеріне құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал, Аягөз, Тентек.

Каспий теңізі алабы – Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара орманды даланы қамттиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған Жайық өзені жататынын айтады.

Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық шаруашылығындағы маңызы ашылады.

Арал теңізінің алабы – Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Т-Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені салынғанын айтады.

Балқаш-Алакөл алабы – бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Ол Шығыс Т-Ш туларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ-жауап әдісін пайдаланып онда қандай СЭС-тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені, сондай-ақ Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жататынын және оларға жеке-жеке тоқталған жөн.



Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан өзендердің қалай таралғандықтарын анықтайды.

Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты өзендер де әркелкі таралған: шөл мен шөлейт зоналарында өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір көп, жер бетіндегі өзен торларынынң орналасуы сол аймақтың ылғалдану коэффициентіне байланысты екенін айтады.

Басын таудан алатын өзендерді картадан тауып атайды: Іле, Сырдария, Жайық, Есіл, Нұра.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Қазақстан өзендері қармен, жаңбырмен, мұздармен қоректенеді.

Өзеннің су шығынына мысал келтіреді: Өзеннің көлденең су қимасы 600 м2, ал судың ағыс жылдамдығы секундына 1,6 м2 болса, өзеннің су шығыны секундына 960 м3/с.

Қазақстан өзендерінің алаптарын анықтағаннан кейін, оларға жататын өзендерді жазып алады.

Оқушылар Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерін, ішкі алап өзендерімен салыстыра отырып, бұлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар екенін дәлелдейді. Осы екі алап өзендеріне сипаттама беру жоспарын жазып алады:

1. Өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы.

2. Өзен ағып өтетін жердің бедері.

3. Жағалауларына сипаттама.

4. Салалары.

5. Құятын жері

6. Су деңгейінің ауытқуы, толысуы.

7. Шаруашылықтағы мәні

8. Экологиялық жағдайы.

Каспий теңізі алабының салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор. Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені

Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені

Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жатады.

Оқушылар: Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болғанын картадан көрсетеді.


4

Тақырыпты бектіу үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

Оқулықтағы ірі өзендердің су шығынын анықтаңдар.

Қазақстан өзендерінің қоректену көздеріне және су режиміне қарай қандай типтерге бөлінеді? Өзендерді кескін картаға түсіру.

Жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беру.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендерді атап, картадан көрсетіңдер. Бұл алаптағы өзен ағынының тұрақты ма, тұрақсыз ба, себебі не екенін түсіндіріңдер. Ішкі алап деп нені айтады? Оған қандай теңіздер мен көлдер жатады, атауларын атаңдар. Өзендердің қандай шаруашылық маңызы бар? Қандай өзендерде кеме жүзеді? Қайсысынан электр энергиясын алады? Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы қандай? Физикалық картадан әр алаптың ірі өзендерін тауып, кескін картаға түсіріңдер.


Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды:

Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзендерді кескін картаға түсіреді.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендер: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. Бұл алаптағы өзендердің ағыны көбінесе тұрақты болып келеді. Себебі, климат ерекшеліктеріне байланысты мұнда ылғалыдылқтың жетеілікті болуына, жауын-шашын мөлшерінің мол болуына байланысты өзендер тұрақты қоректеніп, ағып тұрады. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын алапты ішкі тұйық алап деп атайды. Оағн Каспий, Арал теңіздері, Балқаш-Алакөл көлдері жатады. Өзендер ауыз су ретінде, көркемдік көзі, ағысы жылдам өзендер энергия көзі ретінде пайдаланылады. Ертіс, Жайық, Іле өзендерінде кеме жүзе алады. Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінен электр энергиясын алады. Бойында СЭС-ры, металлургиялық комбинаттар жұмыс істейтіндіктен өзендар қатты ластануда.

Ертіс өзеніне сипаттама: 1) Қытайдағы Алтай туларынан Қара Ертіс болып басталады. 2) Өзен алдымен таулы аймақтардан, кейін жазық жерден ағып өтеді. 3) Оң жақ жағалауы тік, жартасты, сол жақ жағалауы жатық келеді. 4) Салалары: Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. 5) Обь өзеніне құйып, ол СММ-на құяды. 6) Суы көктемде қар мен мұздықтар еріген кезде тасиды, жазда қайта тқмендейді. Қыста қататындықтан су деңгейі төмен болады. 7) Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Өскемен СЭС-ры салынған. Сонымен қатар металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Балық ауланады, кеме жүзеді. 8) Өзен қатты ластануда.



5

Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.

Сабақта не білгенін, не үйренгенін айтып қорытындылайды.

6

Сабақ барысында белсенділігіне байланысты бағаланады.

Күнделіктеріне бағлаларын қойдырады.

7

Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақ: №

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Көлдер және бөгендер.

Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.


Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту. Көлдерді шаруашылыққа пайдалану туралы түсінік беру. Көл суларын қорғау, оның келешек үшін маңызы бар екенін оқушыларға кеңінен түсіндіру. Каспий теңізіне сипаттама беру. Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру. Каспий теңізінің экологиясы. Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түісіндіру, экологиялық тәрбие беру. Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай? Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру. Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс әстей бәлу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайларына тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі



    1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

    2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

    3. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Үй тапсырмасы бойынша өткен тақырыптардан бірнеше сұрақтар қояды:

1) Қазақстаннық ірі өзендерін атап, картадан көрсетіңдер, олардың ұзындығы қанша км-ден асады?

2) Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады? Оларды картадан көрсет.

3) Қазақстан өзендерінің қоректену типі мен режимін сипатта.

4) Өзеннің су шығыны, жылдық ағыны деген не?


Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1) Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар: Ертіс, Тбыл, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Шу.

2) Қазақстан өзендері негізгі 2 алапқа жатады: Солтүмтік Мұзды мұхит алабы: Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері және ішкі тұйық алап: Каспий теңізі алабы, Арал теңізі алабы, Балқаш-Алакөл алабы.

3) Қазақстан өзендері қар-жаңбыр және қармен қоректенеді, жер асты суымен, мұздықтармен қоректенетін өзендер да бар, олар көбінесе басын таудан алатын өзендер. Өзендердің көбі көктемде қар еріген кезде тасып, жазда кейін қайтады.

4) Өзеннің су қимасынан 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін өзеннің су шығыны деп аталады. Өзеннің бір жыл ішінде ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.


3

Ең алдымен кіріспе сұрақтардан бастайды: 1) Көл деп нені атайды? 2. Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 3. Көлдің қандай түрлерін білесіңдер? 4. Ағынды және тұйық көлдерге мысал келтіріңдер, олардың айырмашылығы неде? 5. Көл суының тұзды болуы неліктен?

Жаңа тақырыпта меңгеру үшін мына жоспарды құрады:

1. Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

2. Олардың ерекшеліктері.

3. Су деңгейі

4. Көлдердің қазаншұңқырларына қарай түрлері.

5. Бөгендер

6. Каспий теңізі

7. Арал теңізі

8. Балқаш көлі

Физикалық карталарды пайдаланып мұғалім Қазақстандағы көлдердің ерекшеліктерін баяндайды. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар екенін айтады. Олардың ішінде: Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көлемі бір шаршы км-ден кем шағын көлдер кездесетінін түсіндіреді. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Климаттың жағдайларына көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемитінін, жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 метр биіктіктегі неоген және антропоген шқгінді жыныстарының үстінде орналасқанын баяндайды.

Каспий теңізі: ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды, атауы ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Қыс айларында теңіздің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады – мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2‰ болса, орталық бөлігінде 10-12‰-ге дейін көтеріледі, орталық және оңтүстік бөлігінде әдетте 13-14‰. теңіз деңгейі 1830-1929 жж – 25,5-26,6 м, 1929-1977 жж күрт төмендеді, 1978 жылдан бастап көтерілді, 1995 ж басында 26,5 м. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Каспий суының көтерілуі 45%-ы құятын өзендерге, 16%-ы жауын-шашынға, 25%-ы булану мөлшеріне, 14%-ы Қарабұғазкөл шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Каспий теңізі балыққа бай, итбалықтың болуы кезінде теңіздің Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысын көрсетеді, д.ж-де жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Бағалы балық – қортпа (белуга) ұзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға жетеді. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға жетеді. Теңізде одан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ ауланады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн құс қыст.

1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатқан, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км. 1998 жылдан бастап теңіз деңгейі 18 м төмендеген.

Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай,, Шрадара, Саырқамыс сияқты көптеген жасанды суқоймалардың пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтқанын түсіндіреді. Ауаның ылғалдылығы азаййып, жазы құрғақ та ыстық (шілде 45°С дейін), қысы суық (47°С) болатын жылдар мен күндер көбейген. Өзен жағалауындағы уармалы егістіктерден (негізінен, мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1 млрд тоннадан астам улы шөгінділерді әкелген. Су тұздылығының артуы (1 л-ге 35‰) су түбінде шөккен тұз шөгінділері пайда болған, ауданы 40 мың км-ге жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егімтіктерді улап, үлкен апат әкелген.



Оқушылардың жауаптары:

1. Құрлық бетіндегі суға толған табиғи ойыс. 2. Ол мұхитпен тікелей байланыспайды. 3. Көлдердің тектоникалық, қалдық, ескі арна, жанартаулық, бөген көлдер түрлері болады. 4. Зайсан – ағынды көл, Балқаш – ағынсыз көл.

5. Өзендер үнемі ағып тұратындықтан олар тұщы болады, ал көлдерге өзен құяды, егер ағып шықпаса ол тұзды болады, егер өзен ағып шақса ол тұщы болады.

1. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде: Каспий, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа көлемі бір шаршы км-ден астам көлдер бар. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан.

2. Көлдердің орналасуындағы ерекшеліктер:

1) Олардың топ-топ болып шоғырлануы

2) Көлдердің тағы бір ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Олар әр кезде пайда болған. Биік таулы аймақтардағы көлдер шығу тегі жөнінен жас көлдерге жатады.

3. Көлдердің су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. ХХ ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды.

4. Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері.

5. Қазақстанда барлығы 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар салынған. Олардың ауданы 10 мың км2. Олар ауданына қарай төр топқа бөлінеді: 1) кіші – 50 ш.ш, орта – 50-250 ш.ш, ірі – 250-1000 ш.ш, аса ірілері – 1000 ш.ш-нан асады.

5. каспий теңізі – қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан

6. Мыналарды анықтап, жазып алады: Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай бөліктері: солтүстік бөлігі жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады, көп жерінде тереңдігі 5 м, ең терең жері 26 м; Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алады; Оңтүстік бөлігі таяз, аралдарының жалпы ауданы 2045 км2,, Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан (ең ірілері – Төленді аралдар тобындағы Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Шілдеде орташа температура +24+26°С, қаңтар айының орташа температурасы -7-11°С. Ең төмен температурасы -38°С. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан: солтүстігі қоңыржай континентті климатта.

Теңізде кездесетін ең бағалы балықтар – бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары; өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді, балықтың 55 түрі кездеседі. Қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Теңіз жағалауында – Атрыау, Форт-Шевченко, Ақтау және т.б. қалалар бар.

Арал теңізі – жас тұран платформасының үстінде орналасқан көл екенін анықтайды. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенніңі аяғында алғаш рет суға толған. Үстірт келіп тірелетін батыс жағы биік, тік жарлы болып келетінін, қалған бөлігігнің жағасы ойпатты жазық, шығанақ қойнауларымен тілімденгенін карта бойынша анықтап қарайд, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км.

Оқушылар Балқаш көлі ьуралы мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оның ауданы 18200 км2 екенін жазып алады. Оқушылар мұғалімнің нұсқауыменкартаға қарап Балқаш көлінің солтүстігінде Сарыарқамен, батысында Бетпақдаламен, оңтүстігінде және шығысында Балқаш маңы жазығымен шектесткенін анықтайды. Яғни оның солтүстік жағалауы биік жарқабақ болып келеді, ал оңтүстік жағалауы ойпатты болып келген деп сипаттайды. Оқушылар Балқаш көліне құятын өзендерді атап шығады: Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас.



Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беруге тырысады: шаруашылықта қолданылады, Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-ы салынған, сондықтан ол өзенмен бірге келген лас заттардан ластанады.

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді: 1) Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? 2) Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар? 3) Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байланысты? 4) Көлдер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді? 5) Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді? Олардың қандай маңызы бар? 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының түпкі бедері қандай? 7) Тектоникалық картадан теңіздің шарасы қандай тектоникалық құрылымда орналасқанын анықтаңдар. 8) Балқаш көлінің батыс бөлігі тұщы, шығыс бөлігі тұзды болып келуінің себебі неде?

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптары: 1) Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктері – олардың топ-топ болып шоғырлануы, жасының әр түрлі болуы. 2) Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. 3) Өазаөсан көлдерінің су деңгейі судың кірісі мен шығысына байланысты болады. Оларды су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп отырады, сондықтан жиі ауытқуға ұшырайды. Олар көбінесе көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. 4) Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері. 5) Өзендерді жер беті ағындарын реттеу мақсатымен бөгейді. Көбінесе халық қажктін өтеу үшін салынады. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шеші үшін пайдаланады. 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай 3 бөлігі бар: солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді 7) Арал теңізі Тұран ойпатында орналсқан. Көл неоген дәірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында суға толған. Жағалаулары көбінесе ойпат болып келген, тек оңтүстік-батыс жағалауы үстүртті. 8) Көлге құятын судың жылдық мөлшерінің 78,2%-ы Іле өзенінің суы. Оның суы тұщы, шығыс бөлігінің суы тұздылау. Көл бетінен жыл сайын 1 м су қабаты буланып кетеді. Көлге сұғына еіп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты 2-ге бөледі. Оның ені небәрі – 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Бұғаздағы судың ағыны бір бағытта – батыстан шығысқа қарай, көлдің батыс бөлігі ағынды болып келеді, Іле өзенімен ағып келетін тұздар мұнда шөкпей шығыс бөлігіне қарай кетеді.

5

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: 1. Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды?

Оқушылар ссұрақтарға жауап бере отырып сабақты қорытындылайды: 1. Бүгінгі сабақта Қазақстанның көлдері мен бөгендері туралы білдік: 48 мың көл, 4000 мыңнан астам бөгендер мен тоғандар бар. Ең үлкен көлдер – Каспий, Арал, Балқаш көлдері туралы қызықты мәліметтер алдық. Балқаш көлінің ащы, тұщы болып бөліну себебі қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсеткеніне қарай, картамен жұмыс істей алуларына қарай және жауаптарының дұрыстығына бағалайды.




7

Үйге: §29,30,31,32 қайталау. Оқулық қосымшасы бойынша номенклатураға дайындалу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет