8 сынып Тест сұрақтары география
ІІІ тоқсан – І нұсқа
1.Жердің тірі организмдері мекендеген қабығы
А) Тропосфера; Б) Атмосфера; В) Гидросфера; Д) Литосфера;
Е) Биосфера;
2. Жер бетінде өсімдіктердің түрі қанша?
А) 1 млн; Б) 500 мың; В) 2 млн; 750 мың; Е) 3 млн;
3. Бір-бірімен өзара тығыз байланысты табиғат компонентерінің біртұтас жүйесі
А) Белдеу; Б) Экваторлық орман;
В) Биіктік белдеулік; Д) Табиғат кешені; Е) Жер бедері;
4. Табиғатпен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынасты зерттейтін ғылым
А) Биология; Б) Валеология; В) Экология; Д) География;
Е) Биогеография;
5. Таулардағы табиғат кешендерінің алмасуы
А) Биіктік белдеулік ; Б) Ендік зоналылык;
В) Табиғат кешені; Д) Тау зонасы; Е) Тау орманы;
6. Ең үлкен табиғат кешені
А) Таулар, жазықтар; Б) Материктер, мұхиттар;
В) Теңіздер, көлдер; Д) Географиялық қабық;
Е) Табиғат кешені;
7. Жасыл өсімдіктер күн сәулесі арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуі
А) Үгілу; Б) Тотығу; В) Қарашірік; Д) Жойылу; Е) Фотосинтез;
8. «Оттегі фабрикасы» деп атайды
А) Өсімдіктерді; Б) Балықтарды; В) Адамдарды;
Д) Жануарларды; Е) Құстарды;
9. Тірі ағзалардың ерекшеліктері
А) Көптігі, әртүрлігі; Б) Көбейгіштігі, бейімделгіштігі;
В) Таралуы; Д) Қоректенуі; Е) Тууы, өлуі;
10. Планетамыздың биологияның даму тарихы неше кезеңнен өткен?
А) 4; Б) 6; В) 2; Д) 7; Е) 5;
11. Табиғат компоненттеріне жатпайды
А) Жер бедері; Б) Атмосфера; В) Су; Д) Қала; Е) Өсімдіктер;
12. Ең құнарлы топырақ
А) Өңделген; Б) Қоңыр топырақ; В) Қарашірік;
Д) Күлгін топырақ; Е) Қара топырақ;
13 . Топырақ құнарлығының негізгі көрсеткіші
А) Ауа; Б) Қарашірік; В) Бактериялар; Д) Күл; Е) Тау жынысы;
14. Тірі организмдер жердегі барлық суды шамамен қанша уақытта денесінен өткізіп шығарады?
А) 10 млн .жылда; Б) 20 млн. жылда; В) 15 млн. жылда;
Д) 2 млн. жылда ; Е) 17 млн. жылда;
15. Жер бетінде жануарлардың шамамен қанша түрі бар?
А) 1 млн.астам; Б) 5 млн астам; В) 15 млн. астам;
Д) 7 млн. астам; Е) 20 млн.астам;
Достарыңызбен бөлісу: |