Курстың өзектілігі:
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, білімді, қабілетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Оқушыларға пән бойынша алған білім-білігін және дағдысын физикалық термин сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасымен жүйелеп жеткізу.
Курстың негізгі мақсаты:
Оқушыларға физика пәнінен термин сөздерді ағылшын тілінде оқыту арқылы базалық курста алған білімдерін арттырып, танымдық белсенділігін, дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
негізгі курста алынған білім мен дағдыларды жетілдіру;
пән бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
физикалық термин сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгеру;
курста алған білімдерін дербес қолдана алуға дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже:
физика курсында алынған білімдерін жетілдіреді;
ағылшын тілінде физикалық терминдерді айта алады;
физикалық заңдылықтарды, формулаларды ағылшын тілінде тұжырымдай алады;
Факультатив курс бағдарламасы 8-сынып оқушыларына бір жылдық оқу үшін арналған. Әр сыныпқа барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағатқа есептеліп
құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |