№8 зертханалық жұмыс


Векторлық графикті әзірлеуші Corel Draw бағдарламасы



бет2/6
Дата27.08.2022
өлшемі4,33 Mb.
#148268
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№8 ИКТ каз Графика

2. Векторлық графикті әзірлеуші Corel Draw бағдарламасы


CorelDRAW графиктік редакторы векторлық графиктермен жұмыс жасау үшін арналған және осыған ұқсас бағдарламалар арасында алдыңғы қатарға қойылады. CorelDRAW әйгілігі құрастыру құралдарының үлкен жиынтығымен, қолайлы ортасымен және алынатын бейнелердің жоғары сапалылығымен түсіндіріледі. Әсіресе CorelDRAW көптеген суреттерден, фотографиялардан және жазулардан тұратын иллюстрацияларды құру кезінде өте қолайлы. CorelDRAW көмегімен бейне компоненттерін керек орынға қою аса оңай. CorelDRAW бағдарлама пакетіне векторлы графика редакторынан басқа Corel Photo-Paint растрлік графика редакторы кіреді. Екі бағдарламаның интерфейсі өте ұқсас, ал мүмкіндігі бойынша олар бірін-бірі толықтырып отырады. Екі осы бағдарламаларды қолдана отырып, барлық күрделі графиктік жұмыстарды орындауға болады.
Кодтаудың векторлық тәсілінде сурет жеке объектілер түрінде ұсынылады (сызықтар, эллипстер, тіктөртбұрыштар және т.б.), олар компьютер жадысында математикалық формулалар және геометриялық абстракциялар түрінде сақталады. Мысалы, дөңгелекті кодтау үшін оны жеке пиксельдерге бөліп керегі жоқ, ал оның радиусын, центрінің координатын және түсін еске сақтаса болды. Математикалық формулалардың көмегімен аса алуан түрлі формаларды сипаттауға болады. Аса күрделі суретті салу үшін бірнеше қарапайым фигураларды қолданады. Яғни векторлық форматтағы кез келген бейне бір-біріне тәуелсіз түрде редактрлеуге болатын құрамдас бөліктердің жиынынан тұрады. Бұл бөліктер объектілер деп аталады.


3. Растрлі графикті әзірлеуші Adobe Photoshop бағдарламасы


Adobe Photoshop қолданылу ортасы аса кең және полиграфиядан бастап интернетке дейінгілерді барлығын қамтитын растрлік графиктің барлық түрлерімен жұмыс жасау үшін құрылған. Photoshop сапасын жоғалтпай растрлік графиктің барлық әйгілі форматтарына кез келген бейнені жылдам конвертациялайды, фотографияларды сканерлеуге арналған қосымша ретінде жұмыс атқарады және сканердің барлық түрлерімен сәйкес келеді. Бұл өте қолайлы, себебі алынған бейнені басқа бағдарламаға көшірмей-ақ сіз сол мезетте жөндей аласыз. Сонымен қатар мұнда кез келген бейнелерді, мысалы ескі фотографияларды жөндей аласыз.
Растрлік бейненің негізгі элементі нүкте болып табылады. Егер бейне экрандық болса, онда бұл нүкте пиксель деп аталады. Операциялық жүйемен экранның қандай графиктік рұқсат етуі қолданылуына байланысты, экранда 640х480, 800х600, 1024х768 және одан көп пикселден тұратын бейне орналасуы мүмкін.
Бейненің өлшеміне байланысты дюймдегі (dots per inch - dpi) (1 дюйм = 25,4 мм) нүктелермен өлшенетін оның рұқсат етілуі тікелей тәуелді. Толық түсті бейнені полиграфиялық баспадан шығару 200-300 dpi –дан кем емес рұқсат етуді талап етеді.
Растрлік бейненің негізгі кемшілігі ол бөлшектерін қарап шығу үшін үлкейту мүмкіндігінің жоқтығы. Бейнені ұлғайтқанда нүктелер іріленіп, сурет бұзыла бастайды. Бұл эффект пикселизация деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет