8. Зертханалық сабақтар мазмұны Тақырып Жасушаны зерттеудің оптикалық әдістері Мақсаты



бет1/13
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#88302
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
3142 Биология клетки для ХБ (3)




8. Зертханалық сабақтар мазмұны
Тақырып 1. Жасушаны зерттеудің оптикалық әдістері
Мақсаты: Цитологияда қолданылатын маңызды оптикалық құралдармен, микросуреттермен, объектілерді өлшеумен, суреттер салмен, жасуша құрылымдарын зерттеу тәсілдерімен, цитологиялық препараттарды дайындау тәсілдерімен танысу.
Тапсырмалар:
1) әр түрлі объектілерді зерттеуге арналған биологиялық микроскоптар мен электрондық микроскоп құрылысымен танысу.
2) микроскоппен орындалатын жұмыстармен танысу: жұмыс орнын әзірлеу, жарық түсіру, центрлеу, фокустау, жарық фильтрлерін таңдау, объектілердің суреттерін салу және оларды өлшеу, микрофотография.
3) бақылау тәсілдерін зерттеу: қараңғы өріс микроскопия әдісі, фазалық-контрастық микроскопия тәсілі, полярланған жарықта бақылау тәсілі, люминесцентті микроскопия тәсілі, электронды микроскопия тәсілі.
4) микросуреттер альбомынан электронды микросуреттерді қарастырып, объектілерге назар аударыңыздар. Суреттердегі кесінділердің сипаттамасымен танысыңыз.


Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Зертханалық жұмысты орындау әдістемесімен танысып, тапсырмаларды және зертханалық жұмысты орындау барысын дәптеріңізге жазу қажет. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер.
Лабораторлық жұмыстарды рәсімдеуге қойлатын талаптар
Лабораториялық жұмыстар студенттің жеке жазуларында (жұмыс дәптерде) орындалады:
- кіріспе (жұмыстың мақсаты, жабдықтау және материалдар, зерттейтін объектілер);
- жұмысқа кейбір түсіндірулер;
- жұмыс барысы;
- нәтижелері;
- бақылау сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар және қорытындылар.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер:Н:1-3, Қ:1-8; ИК: 1-6.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет