Тақырып 13,14. Хромосомалар морфологиясы. Кариотип туралы түсінік
Мақсаты: Цитологиялық препараттар мен микрофотосуреттерден хромосомалар морфологиясы мен және өсімдіктер мен жануарлар кариотиптерімен танысу..
Тапсырмалар.
1) микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқыштарынан препараттарды қарап, хромосома морфологиясымен танысыңыз.
2) хромосомалар санын есептеңіздер.
3) хромосомалардың типтерін анықтап, суретін салыңыздар.
4) берілген метафазалық пластинкалардың фотосуреттерінен жануар немесе өсімдіктердің бір түрінің клеталарының кариограммасын жасаңыз.
5)метафазадағы адамның қалыпты кариотипімен танысу.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Зертханалық жұмысты орындау әдістемесімен танысып, тапсырмаларды және зертханалық жұмысты орындау барысын дәптеріңізге жазу қажет. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер:Н:1-3, Қ:1-8; ИК: 1-6.
Достарыңызбен бөлісу: |