83 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және қазақ әдебиеті пән мұғалімі Байбосын Әли Муратұлының үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстарының сараптамасы



Дата04.01.2022
өлшемі14,95 Kb.
#109596
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Байбосын Ә.М


83 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және қазақ әдебиеті пән мұғалімі Байбосын Әли Муратұлының үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстарының сараптамасы

Мақсаты: оқушылардың нашар оқуын болдырмау артта қалуы және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Аталмыш қиыншылықтардың себебі–баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны салдарынан. Кейбір балалардың оқу техникасы нашар оқыған мәтіндерін жүйелі түрде айта алмайды. Шығарма, мазмұндама жазуға қабілеттері төмен. Сөздерді буындап оқиды, бірақ жай оқиды. Осы оқушылардың оқу сапасын көтеру пәнге деген қызығушылығын арттыру, әріптердің дұрыс оқылуын қалыптастыру мақсатында төмендегі жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп отырамын. 5 сынып оқушылары Сламқұл Шыңғыс, Ахатов Дидарбек, Көпжасар Мейіржан, Төлуғали Жантуар, Бекбауов Диас, Сақтаған Әлкен, Майсақан Санжар қазақ тілі қазақ әдебиеті пәндерінен үлгерімі төмен оқушылар.



Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу жоспары құрылып, аталмыш оқушылармен қосымша сабақтар өткізілді. Қосымша сабақтар әр оқушының біліміндегі кемістіктерді дер кезінде анықтап, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін оқушы деңгейіне қарай таңдауға мүмкіндік берді.Үлгерімі төмен оқушылармен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарында келесі тақырыптар бойынша тапсырмалар орындалды. 5 «Б» сынып оқушысы Сламқұл Шыңғыс ой-өрісі мен сөйлеу сауаттылығы мен тіл байлықтары жағынан қанағаттанарлық деңгейде. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен ережелер мен әдеби терминдерге қатысты тапсырмаларды орындай алмайды. Ахатов Дидарбек, Көпжасар Мейіржан қазақ әдебиетінен шығармаларды мазмұндауда ойын нақты жеткізе алмайтын. Осы оқушылармен әдеби кітаптар оқып,аз да болса сөйлеу сауаттылығы мен ой-өрісі дамыды. Оқушылардың ата-аналарымен де жұмыс жасай отырып, ауызша сұрақтар қою арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға тырыстым.

Тоқсан соңында үлгерімі төмен оқушылардың аз да болсын тақырыптарды меңгеріп түсінгенін байқадым. Келесі оқу тоқсандарында аталмыш балалармен ары қарай нәтижелі жұмыс жасауды жалғастыратын боламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет