85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет16/22
Дата27.05.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41017
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Тапиқұлы Д. Өмір философиясы. Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015. - 285 б.

Өмір сапарында бірде шуақты, бірде ызғарлы, күндердің, ал бірде қатерге толы қатаң кезеңдердің болуы да табиғи, мейлі қалай болсын, өзінің қысқа да қымбатты тірлігінде барлық адам азды-көпті табысқа жетуге, адамдық өмірдің арман-мұратын жүзеге асыруға талпынады. Осы сапарыңызда бір ауыз ұлағатты сөздің сізге күшті ықпал жасайтыны, терең философиялық мәнге әрбір ақылиялық ойдың тағдырыңызды өзгертуіңізге септігін тигізетіні шындық. Олай болса сансыз аға буын табыскерлердің бұраң да жұлдызды өмір тәжірибесі мен ақыл-парасатының жауһарынан жинақталған «Өмір философиясы» — деген бұл кітаптың ұлтымыздың жастарына берері мол деген сеніммен кітапты жинақтап, алдарыңызға ұсынуды жөн көрдік.



Сығай Ә. Жансарай (Сыр - сұхбаттар). Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2015, - 432 б.

Театр тіршілігімен тыныстап, саналы ғұмырын осы салаға арнаған өнер зерттеушісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығай шығармашылық мұрасы мол көрнекті тұлға. “Хабар” телеарнасынан жүргізген “Жансарай” бағдарламасымен елдің ықыласына бөленген автордың бұл кітабында 2013-2014 жылдары теледидарда халыққа кеңінен танымал өнер тарландарымен, сондай-ақ белгілі тұлғалармен жүргізген сұхбат-сырласуларды ұсынып отырмыз. Ғибраты мол сырлы сұхбаттарды оқырманның қызыға оқитынына сенім мол. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.



.

Сатыбалдыұлы Қ. Ақиқат мінбесі. Әңгімелер. Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015, -342 б.

Қуантай Сатыбалдыұлы - жаңа ғасырдағы, шет елдегі қазақ әдебиетінде қазақ студенттері туралы жазылған, тұңғыш көлемді көркем шығармасы «Бақытқа бодау» романымен әдебиет есігін ашқан жас жазушы. Автордың бұл шағын прозалық шығармалар жинағына адам бойындағы бойкүйездікті, опасыздықты, дүниеқоңыздықты, сондай-ақ, тіршілік иелері мен табиғат ортасындағы таусылып бітпес теке тіресті, асқақ рухты, өміршең көзқарасты, үзілмес үміткерлікті, тектілікті ту етіп көтерген түрлі жанрдағы көркем шығармалары еніп отыр. Жазушы шығармалары негізінен бүгінгі күн тақырыбын өзіне арқау етіп, жазылғандығымен де өзінше бағалы. Қалған төрелік - оқырман қауымның өз еншісінде. Кітап жұртшылыққа қауымға арналады.





Нұрғалиев Ө. Соғыстың соңғы жазы: 2-том. - Алматы: Жазушы, 2015. - 288 б.

Ақынның бұл томға енген өлеңдерінде соғыс жылдарындағы ел басына түскен ауыртпалық, балалықсыз өткен сәби шақ, қиын кезеңдегі тұрмыс тауқыметіне мойымаған адамдар бойындағы жігер, қажыр, содан қуат алып тасыған жасампаздық, достық, махаббат, ізгілік сезімдері бедерлі тіл, бейнелі образдар арқылы боямасыз өрнектелген.



Автор осылайша өз өмір кешкен заман шындығын ақындық шалқар шабытпен жырлай отырып тұтастай бір дөуірдің поэтикалық панорамасын беруді мақсат тұтқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет