Әлімжанов Баянғали. Ғарыш пен қазақ. Өлең-жырлар. Алматы: «Таймас» баспа үйі, - 2015. – 208 б.
Жазушы Баянғали Әлімжановтың «Ғарыш пен қазақ» атты кітабына соңғы жылдары жазылған сүйікті өлеңдері мен сүйікті жырлары топтастырылған. Шынайы, ойлы өлеңдер мен халқымыздың күрделі тарихының әр кезеңдегі адам тағдырынан сыр шертетін оқиғалар, тартымды жырлар ұсынылады.
86 (5Қаз) Дінтану
Рахманов Қ. Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы. - Алматы. «Қазақ энциклопедиясы», 2015. - 320 б.
Ислам дінінің ұстанымдары мен оның ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан тәжірибесіне үңілген кез келген жан Ислам мен лаңкестіктің экстремизмнің т.б. адамзатқа қарсы қастандықтардың бір-біріне мүлдем жат екеніне куә болады. Мұхаммед (с.а.с.) терроризм, экстремизм сияқты қан құйылу әрекеттермен байланыстыру асыл дінімізге күйе жағып, нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан ақпараттық жымысқа насихат екені көрінеді. Исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажыратып, халайыққа нақты жағдайды ашып көрсету мақсатын ұстанған осы жинақта белгілі қоғам және дін қайраткерлері бірауыздан Исламдағы «жиһад» ұғымының лаңкестікке ешбір қатысы жоқ екеніне дәлелді жауап береді.
Бағашар Қ. Ислам және өнеге. - Алматы:«Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015. - 192 б.
Имандылықтың тамырын Исламнан іздеп, бүгінгі күннің өміршеңдігімен танылған тақырыптарын бүкпесіз сөз еткен дінтанушы Құдайберді Бағашар бұл еңбегінде «өмір» атты кеңістіктің галлереясын түзіп, рухани құндылықтармен сусындауға шақыратын, оқырмандарға ой саларлық туындыларын ұсынады.
51.1(5Қаз) Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды уйымдастыру
Апатқа апарар үш індет (темекі, арақ, есірткі). Құраст.: Нұрбек Қайырмұхаммед. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015. - 144 б.
Еңбекте бүгінгі күні қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткінің тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етіледі. Мақсат - ендігі жерде жас ұрпактың бұлармен улануына жол бермеу. Барша оқырман қауымға арналған бұл кітап арнайы әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне, статистикалық мәліметтерге, зерттеулерге сүйенумен, сондай-ақ адам сезімін селт еткізетін мағыналы өлең, әңгімелермен қатар имандылық жағын қоса сөз етуімен де құнды.
83(5Қаз) Әдебиеттану
Достарыңызбен бөлісу: |