«Жас тұлпар» ұйымы туралы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата26.11.2023
өлшемі131,82 Kb.
#193553
  1   2   3
Байланысты:
ҚОСЫМША



 «Жас тұлпар» ұйымы туралы
1963 жылы Мәскеуде білім алған бір топ жас қазақ ұлтының тамырын іздеп, ертеңіне алаңдаушылық 
танытып, ұлттық мүдде үшін күресуге бел буған еді. Білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан 
қазақтың қайсар ұл қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттер Мұрат Әуезов, 
Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжан сынды азаматтар жетешілік еткен . Олар "Жас тұлпар" атты 
ұйым құрып, ең алдымен Мәскеуде оқитын 1438 қазақ жастарының басын қосты. "Жас тұлпар" өзінің 
эмблемасын, туын жасады. Жас тұлпарлықтардың үш түстен тұратын (қара, қызыл, көк) туына 
тұлпардың суреті салынған болатын. Осы туды сол тұста Мәскеуде білім алған белгілі қырғыз 
суретшісі Асаналы Бейшенов салған екен. Идеясы белгілі суретші Бахтияр Тәбиевтікі. Қара түнектен 
шығып, қызылды аттап, көкке жетеміз деген көкейдегі арманды ту еткен жастар кейіннен Ресейдің 
басқа қалаларында оқитын қазақ жастарын да осы ұйымға тарта бастады. "Жас тұлпардан" кейін 
еліміздің әр қаласында, айталық, Қарағандыда "Жас қазақ", Қостанайда "Жас түлек", Өскеменде 
"Ұлттық мамандарға әділеттілік тобы", Семейде "Тайшұбар", Павлодарда "Жас ұлан", Алматыда 
"Сарыарқа", Шымкентте "Адыр қасқырлары" секілді жасырын ұйымдар құрылып, жұмыс атқара 
бастады 
дереккөзі: http://e-history.kz/kz/contents/view/4819
Целиноград оқиғасы.
КСРО үкіметі 1979 жылдың 31 мамырында Қазақстан Компартиясы ОК Қазақстанда немiс 
автономиясын құру туралы құпия қаулы қабылдады. Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола 
облыстарының бiрнеше ауданын бiрiктiрiп, Ерейментауды немiс автономиясының орталығына 
айналдыруды көздеген қаулы жария етiлмесе де, оның дайындық жұмыстарын жүргiзу қолға алынды. 
Құпия шешiм 1979 жылдың 15 маусымында әшкере болды. Өйткенi сол күнi Қазақстан Компартиясы 
ОК немiс автономиясын құру туралы шешiмiн бекiту тұрғысындағы ұсынысын КОКП ОК -iне 
жолдаған болатын. Бұл, әрине, жергiлiктi халықтың наразылығын тудырды. 1979 жылдың 16 
маусымында таңғы сағат сегiзден бастап Ақмола көшелерiне топ -топ болып бас бiрiктiргендер шыға 
бастады. Қала көшелерiн кесiп өткен олар Ленин атындағы орталық алаңға жиналды. Қолдарына қазақ 
және орыс тiлдерiнде «Халықтар достығы жасасын!», «Қазақстандағы совет халқы iшкi шекарасыз 
өмiр сүредi!», «Қазақстан бөлiнбейдi!», т.б. ұрандар жазылған плакаттар ұстанған. Алаңға жиналған 
демонстранттардың талабы үй iшiнен үй тiгiп, автономиялық облыс құру туралы қаулының күшiн жою 
болатын. Ал айтқан уәжi «егер немiстiң мемлекеттiк құрылымы қазақ жерiнде өмiрге келетiн болса, 
жергiлiктi екi халықтың арасына сына қағылады. Ұлтаралық қырғиқабақтық туып, алауыздық белең 
алады, бұрынғы достық дұшпандыққа айналады» болды. Сонымен Қазақстан Компартиясы ОК -нiң 
құпия қаулысына қарсы 16 маусымда алаңға шыққан жастар Кремльдiң құтын қашырды. «Автономия 
құру туралы шешiмнiң күшiн жоймайтын болса, бiз аянып қалмаймыз», – дестi олар. Сөйтiп билiкке 
өз шешiмiнен бас тарту туралы талаппен үш күн уақыт бердi. Яғни маусымның 19 -ы күнi тағы да 
алаңға шығамыз, егер билiк шешiмiн өзгертпейтiн болса, маусымның 2 2 -сi күнi «шырақты төңкерiс» 
жасауға дейiн барамыз дестi... Кейбiр дерек көздерiне қарағанда, алғашқы күнi алаңға шыққандар саны 
бес жүзден бес мыңға дейiн жеткен. Өйткенi сол күннiң өзiнде алаңда ғана емес, көше -көшелерде
тiптi үй -үйдi аралап, автономия құру мәселесiне қарсы көптi тiзе қосуға шақырған шерушiлер жүр едi. 
Осылайша көптiң толқуынан сескенген Целиноград обкомының бiрiншi хатшысы Николай Морозов 
пен облыстық атқару комитетiнiң төрағасы Жұмахметов трибунаға көтерiлдi. Морозов Мәскеумен 
тiкелей хабар ала отырып, немiс автономиясы құрылмайтынын мәлiмдедi...
Дереккөзі: http://e - history.kz/media/scorm/294/368/text/text.htm




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет