86. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы



бет10/12
Дата17.05.2020
өлшемі1,63 Mb.
#69169
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
86-105 тарих
86-105 тарих
Тарих толқынында» (1999 ж.)
«Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі. Маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған
Сонымен қатар, сарапшылар атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті.  Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай  жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас.

102. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің ретінде бағалануы.


Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі торқалы  тоймен шын жүректен құттықтаймын! Деді Н.Ә.Назарбаев

Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр.

Атап айтқанда,  2015 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қаралды. Бұл мерейтой ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын дәлелдейтін тарихи еңбектердің бар. Сол тарихи еңбектердің ішінен қазақстандық тарихшы ғалымдардың Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы басшылыққа алынды.  

Қазақ Хандығының 1465 жылы құрылғандығын Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбектері дәлелдеп отыр. Оның сөзін парсы тарихшылары жазып қалдырған еңбектер де дәлелдей түседі, және М.Х.Дулати өз зерттеулерінде қазақ хандығының мемлекеттік басқару құрылымдары өте жақсы дамығанын айтты. Ғалымның түсіндіруінше, Қазақ Хандығында мемлекетті басқарудың тиімді жүйесі болған.

Қазақ Хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақ Хандығы атана бастады.

103. Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.



Алматы қаласындағы «Мирас» баспасынан Мұхаммед Хайдар Дулатидің әйгілі «Тарих-и-Рашиди» атты кітабы жарыққа шықты. Осы тарихи еңбекті парсы тілінен қазақ тіліне аударғандар Мұхтар Қазыбек пен Әбсаттар Нұрғалиев.

М. Дулати - Қазақ-Үнді мәдени, тарихи, дипломатиялық қарым-қатынастар тарихының бастауында тұрған мемлекет қайраткері, ұлы ойшыл, қаламгер, өз заманының құнды деректерін жазып қалдырған жылнамашы.

1999 жылы ғұлама ғалымның 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан және басқа да елдерде кеңінен аталып өтілді.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты осы еңбегі әлем елдерінде көптеген тілдерге аударылған құнды еңбек болып табылады. Атап айтқанда, ағылшын, француз, қытай, орыс, түрік, өзбек және тағы басқа да халықтар осы классикалық еңбекті өз тілдерінде оқиды. Дулатидің бұл кітабы XIV ғасырдың XVI ғасырдың орта кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Ол шын мәніндегі энциклопедиялық және тарихи деректемелік еңбек екені дәлелденген. Орта ғасырдан біздің кезімізге дейінгі аралықта бізге жеткен мұндай құнды мұра жоқтың қасы.

«Тарих-и-Рашиди» көтерген мәселелердің ауқымы өте кең. Автор қазіргі Орталық Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және тағы басқа елдерді мекендеген халықтардың сол замандағы саяси жағдайы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі жайында жан-жақты танымдық маңызы мол деректерді келтірген.

Бұл еңбек, осы кітапты құрастырушылардың айтуынша, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық, астрономиялық мәліметтердің, тарихи деректердің соншалықты молдығымен ерекшеленеді. Қазақ хандығының қашан құрылғандығы туралы нақты мәліметті де бізге алғаш рет Дулати осы «Тарих-и-Рашиди» кітабында жазып қалдырған. Сондай-ақ онда қазақ хандығының бір ғасырдан астам саяси тіршілігінің жай-жапсары жөнінде, қазақ елінің өсіп-өркендеуі туралы, Моғолстан мен Ұлы Моғол империясы хақында біздер үшін тың мәліметтер жазып қалдырған.

Бұл көлемді еңбек 48 баспа табақтан, 768 беттен тұрады.

XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың ең алғашқы жылдарында жазылған түркі ескерткіштерінің бірі – Жалаири Қадырғали Қосымұлының қолынан шыққан тарихи туынды «Жамиғат-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»).

1602 жылы жазылып аяқталған бұл шығарма ғалымдар назарына ілігуі – XIX ғасырда өмір сүрген татардың ағартушы ғалымы Ибрагим Халфиннің есімімен тығыз байланысты. Ол еңбектің бір көшірмесін 1819 жылы Қазан университетінің кітапханасына тапсырады.

Қадырғали би еңбегі – ортаазиялық тарихи шығармалар дәстүрінде жазылған еңбек. Сонымен қатар автор сол тарихи кезеңдегі мәдени дамудың деңгейі мен сипатына сай жазба тарихпен қатар, жатқа айтылған тарихты да жақсы меңгерген. Өйткені, ол өмір сүрген тарихи кезеңде көшпелі түркі қоғамдарында ауызша тарих айту дәстүрі кең тараған еді. Шежірелер жинағында берілген шежірелік материалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едіге жайлы эпостан үзінді, пайдаланылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер соның айғағы. 

Алайда, Қадырғали би еңбегінің құндылығы – қазақ халқы өз өкілінің қаламынан туған жазба тарих болуында. Бұл шығармада қазақ тарихына қатысты деректер аса көп емес, дегенмен сол азын-аулақ мәліметтің өзі ғылыми маңызы зор, оны басқа сол тұстағы ескерткіштерден кездестіре алмаймыз. 

Қорыта айтқанда, Қадырғали бидің «Жамиғат-ат тауарих» атты шығармасы – XVI ғасыр соңғы ширегіндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінің прозадағы, оның ішінде тарихи-шежіре жанрындағы тұңғыш үлгісі.

104. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы


1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен
дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық


өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және
халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың
сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді
үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы


Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан,
сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықтыорнын таба білді.

1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді.

Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтіксаяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарымқатынастарды үйлестіруді көздейді.

105. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен
ойдағыдай қарым-қатынас орнату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет