Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.[1]
Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты.
Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
98. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихты зерделеудің көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |