8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет119/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Мақсатты айқындау
Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығар-
ма шылығын “Бала Абай”, “Дана Абай” кезеңдеріне бөліп оқыта отырып, 
бала Абайдың оқуға өте зерек болып, діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, 
парсы тілдерін үйреніп, шығыс ойшылдары Низами, Сағди, қожа Хафиз, 
Әлішер Науаи, Физули еңбектерін және орыс, батыс елдері ақындарының, 
ойшылдарының еңбектерін оқып, білімін толықтырғанын жеткізу арқылы 
Абайдың жастайынан білім мен ғылымға құштар болып өскенін жеткізу. 
Абайдың ауыл арасындағы дау-дамайларға төрелік айтып, рубасылардың 
әкімшілік қызметіне үйрене бастағанын, билер сотына, билер кеңесіне, 
руаралық дауларды шешу ісіне жастайынан араласып, даулы мәселелерді 
шешу барысында жөнсіздікке, қатыгездікке, әділетсіздікке, билеуші 
топтардың мүддесін көздеген әрекеттерге қарсылық білдіріп отырғанын, 
Патша үкіметі сотының заң ережелерімен жақынырақ танысып, патша 
самодержавиесінің қазақ жеріндегі әкімшілік-шенеуніктік аппараттарының 
заңсыз іс-әрекеттеріне куә болып, өз ойын бүкпей айтып отырғанын жеткізе 
отырып, Абайдың өз заманындағы саясаткер, қоғам қайраткері екенін таныту. 
Дамытушылық маңызы.
Абай адамдарға өзін-өзі тәрбиелеу, сана-сезімді 
тәрбиелеу керектігін айтып, осы идеясын өлеңдерімен, қара сөздерімен 
жеткізген. Абайдың өлеңдері тұрмыс-тіршіліктің барлық қырын қамтыды 
десек болады. Ол ел ішіндегі алауыздықты, күншілдікті, адам мінезіндегі 
жалқаулық, енжарлықты, мақтаншақтықты, ойсыздықты, салғырттықты, 
көрсеқызарлықты, ысырапшылықты қатты сынға алды. Өз өлеңдерімен 
халықты білім алуға, сауаттылыққа, өнерлі болуға, адал еңбек етуге шақырды. 
Адам жанының сұлулығын, әсемдікті, тазалықты өлеңмен мүсіндеген. Жаман 
әдет-құлықтардан бойды аулақ ұстау керектігін, ұстамды болуды, ақыл-ой 


117
мен естілікті насихаттаған. Абай сөзге аса шебер, табиғатынан аса қабілетті 
болған. Шығыс ақындары мен орыс классиктерінің шығармаларын оқып, 
рухани және дүниетанымдық көзқарасы толыққанды қалыптасуы үшін, 
оларды терең зерделеуді игерді. Абайдың ұлылығы мен даналығы арқылы 
оқушылардың ой-санасын шыңдай түсу, халыққа қалдырған ұлы мұраларын 
игеру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдай түсу. 
Тәрбиелік маңызы. 
Абайдың “Ұлы Абай”, “Ұлы ақын” атануын оқыту 
арқылы оқушыларды адам мен қоғам, адам мен табиғат, адам мен қоршаған 
орта арасындағы қатынасты сезінуге, жамандық істерден жеріп, жақсылық 
істерге құмар болуға, өнерлі, білімді, еңбекқор болуға, кешенді ойлауға баулу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет