4
1. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамының дамуына жалпы
сипаттама.
2. “Жеті жарғы” заңы.
3. Сыртқы жағдайдың күрделенуі.
4. “Күлтөбеде күнде жиын”.
сабақтың барысы. Мұғалім жалпы XVII–XVIII ғасырдың ширегінде қазақ
қоғамының одан әрі бірігу, тұтастану үдерісінің орын алғандығын баяндайды.
Хан биілігі нығая түсуін, осы кезеңдегі көшпелі аймақтармен қатар Ташкент
жазирасымен бірге 32 қала және олардың маңындағы аймақтардың қазақтарға
бағынуының тарихы маңызын әңгімелейді. Тәуке ханның ел бірлігін нығайту
жолындағы еңбегіне баға береді. “Жеті Жарғы” заңы туралы дайындалған
слайд арқылы қосымша материалдарға (Левшиннің, Ш.Уәлихановтың және
т.б. еңбектері) сүйене отырып, қазақ хандығының ішкі бірлігі мен қуатының
артқандығын көрсетуге ұмтылуы қажет. Мұғалім сабақ барысында аталған
кезеңдегі қазақ хандығының ішкі дамуының
жетістіктеріне қарамастан
жағдайдың күрделене түсуінің себептеріне тоқ талады. Әсіресе,
сыртқы
қауіптің ішкі
жағайға қалай әсер еткендігін,
Тәуке хан билігінің соңғы
жылдарындағы ішкі алауыздықтың күшеюі
елді болашақта қандай қауіп-
қатерге алып келгендігіне баса назар аударуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: