9
даңққа бөленген атақты қазақ батырлары мен қолбасылары да қатысқан Ор-
дабасы жиыны мен бүкіл халықтық азаттық күреске бастама болған Бұланты
немесе “Қалмаққырылған” шайқасының тарихи маңызын көрсету арқылы
тек бірлік пен ынтымақ қана елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қала
алатындығын түсіндіруге бағыттау керек.
сабақтың деректі материалдары:
Жоңғар әскерлерінің Қазақтан аума ғына басып кіруінің сызбасы берілген
карта, Ордабасында бас қосқан батырлар мен билердің, қолбасшылардың
суреттері, “Қалмаққырылған” шай қасының картасы, Үмбетей және т.б.
жыраулардың шығармаларынан арнайы үзінділер дайындау.
сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақты
аралас сабақ түрінде ұйымдастыра отырып, пікір алмасу, баяндау,
ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық
қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: