8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Шоқан уәлихановтың алтынемелдегі тарихи-мемориалдық мұражайы



Pdf көрінісі
бет114/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Шоқан уәлихановтың алтынемелдегі тарихи-мемориалдық мұражайы
Мемориалдық мұражай 1985 жылы, Абылай ханның ұрпағы, қазақтың 
көрнекті зертеушісі, этнограф, батыл саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 
150-жылдығына орай ашылған. Мұражай Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, 
Шоқан ауылында орналасқан.
Мұражай экспозициясы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметімен 
байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады. Осында Шоқанның тұлға ретінде 
қалыптасуына әсер еткен XIX ғасыр басының саяси-әлеуметтік және мәдени 
өмірін қайта қалпына келтіретін материалдар; Омбы кадет корпусында оқу 
жылдары мен жұмыс қызметінің басы, орыс зиялыларымен танысуын баяндай-
тын материалдар; Орталық, Орта Азия, Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның та-
рихы, этнографиясын және георафиясын зерттеуде елеулі із қалдырған Шоқан 


112
Уәлихановтың ғылыми мұрасы; Петербург кезеңі, Ресейдің ғылыми және 
әдеби топтарымен орнатқан достық және іскерлік байланыстары жайындағы 
материалдар қойылған, бір бөлімі Шоқан Уәлихановтың әдебиет, суреттер 
мен кино кейпіне арналған.
Экспозиция Қазақстанның халық суретшісі Қ.Наурызбаев орындаған 
Ш.Уәлихановтың гранит мүсінінен басталады. Мұражай кіреберісінде тас 
мүсіндері орнатылған.
Экспозицияда Шоқанның жеке заттары – эполеттері, қаруы, ер тоқымы, 
ол құрған карталар мен сызбалар, қолжазбалар, саяхат пен экспедициялар 
барысында жасалған графикалық және көркем суреттері, халық қолданбалы 
өнерінің топтамалары көрсетілген. Музыкалық аспаптар Ш.Уәлихановтың 
қазақ аңыздары мен әндеріне деген қызығушылығы мен жылы ықыласын 
дәлелдейді. Қырғыз, ұйғыр, қытай ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдар, 
Уәлиханов саяхаттары кезінде жинаған минералдар ғалымның зерттеу қызығу-
шы лықтарын көрсетеді.
Шоқанның балалық шағы өткен Сырымбеттегі Айғаным әжесінің мекені-
нің, қабіріндегі жерлеу құрылысының үлгілері, қазіргі әйелдер тіккен және 
ғалымның атақты саяхаттарының маршрутын қайтадан көрсететін түп-
нұсқалық гобелен сол кездегі экспонаттарымен жарасады. Экспозицияда 
Ш.Уәлихановтың көзі тірісінде және қайтыс болғаннан кейін шыққан туынды-
ларының баслымдары көрсетілген.
2013 жылы мемориалдық кешенді қайта қалпына келтіру бойынша 
жұмыстар аяқталды, олар екі жылдан астам уақытқа созылды. Мұражай 
ғимараты толығымен қайта қалпына келтірілген, желілер мен коммуника-
циялар ауыстырылған, жұмыс барысында сәулетшілер Рүстем Сейдалин, 
Бек Ыбыраев, Серік Рустамбеков құрған мұражайдың бірегей сыртқы түрі 
сақталған.
Қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында экспозицияның көркем 
безендірілуінде өзгерістер пайда болды. Ол Мемлекеттік Эрмитаж бен КСРО 
(Ресей) халықтарының этнография мемлекеттік мұражайы материалдары-
мен толықтырылған, көптеген жаңа экспонаттар ҚР Орталық мемлекеттік 
мұражайынан, ҚР Ұлттық кітапханасынан, сонымен қатар Шоқан Уәлиханов 
ұрпақтарынан сый ретінде алынған. (
http://culturemap.kz/kk/object/memorial-
nyiy-muzeiy-im-ch-valihanova-altyn-mel)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет