8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Қашқарға жасаған саяхатының маңызы жайлы”



Pdf көрінісі
бет113/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Қашқарға жасаған саяхатының маңызы жайлы”.
Тянь-Шаньның бізге таяу орналасқан бөліктерін зерттеуге жол ашылды. 
1858 жылдың өзінде орыс офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ...Зәукі асуы 
арқылы Ташкентке өтіп, ол жақтан көптеген қызықты ғылыми этнографиялық 
және статистикалық мағлұматтар жинап келді. Петерборға келген соң П.П. 
Семеновтың жетекшілігімен оларды өңдеуге кіріскен еді, бірақ сырқат және 
мезгілсіз ажал оның қызықты ғылыми жұмыстарын тоқтатып тастады. ...Ол 
Омбы кадет корпусында тәрбиеленді және офицер болғаннан соң ерекше да-
рынымен П.П. Семеновтың назарын аударды. Олар 1856-1857 жылы Сібірде 
танысты. П.П. Семенов генерал-губернатор Г.Х. Гасфортқа Қашқарға өз 
ұлттық қырғыз киімімен сапар шегіп, ерекше дарыны арқасында Ресей үшін 
өте қажет Қашқар ғана емес, тұтас Алтышар туралы мәліметтерді жинап, 
орыс шекараларын мазасыздандырған Шығыс Түркістанда болып жатқан 
төңкерістің себебін түсіндіре алатын жалғыз сауатты офицер Ш.Ш. Уәлиханов 
екені жайлы кеңес берді. Мұндай қажетті мәліметтердің бағдарламасын П.П. 
Семеновпен бірге қырғыз даласын жетік білетін полковник К.К. Гутковский 
құрды. Сібір әскери округының қолбасшысы Г.Х. Гасфорт Шоқан Уәлихановты 
сәті түскен кезде Қашқарға жолсапарға аттандырып, ол (керуенбасының 
туысы ретінде) Зәукі асуы арқылы 1858 жылы көпес керуеніне ілесіп, аман-
есен жетті.
Ол жерде Шоқан Уәлиханов жалпы Алтышар туралы аса құнды мәліметтерді 
жинап үлгерді және алғаш рет Адольф Шлагинтвейттің қазасының себептері 
мен құпиясын аша алды. Шлагинтвейт Қашғарға келген кезінде, сорына қарай, 
Шығыс Түркістанның қожайыны болып халық көтерілісін ұйымдастырған, 


111
қанышер қожа Уәлихан төре таққа отырады. Қытай әскерлерінің қысымында 
қалған қашқарлықтар ференгтің (шетелдік) келгеніне қуанып, ол (Шлагинт-
вейт) қорғанысқа кеңес бере алады деп ойлап оны Уәлихан қожаға әкеледі. 
Әрдайым ашулы және қан төкпей отыра алмайтын ол сол сәтте өкінішке орай, 
апиын ішіп еліріп отырады. Қожа Шлагинтвейттен құжаттарын көрсетуді 
талап етеді, ол құжаттарын тек Қоқан ханына көрсете алатынын және олар 
Бомбейден соған арналғанын айтқанда, ыза болған қожа ашуға булығып
жатжерлікті бірден өлім жазасына бұйырады. Жаза қаланың шетінде орын-
далады, Шлагинтвейтті жендеттер мешіт орналасқан жаңа алаң арқылы 
алып өтеді. Оқиға куәгерлері, Шоқан Уәлиханов жергілікті дәстүр бойынша 
әйелдікке алған Қашғар қызы да шетелдіктің бойы ұзын, жергілікті киім ки-
ген, бірақ жалаңбас, шашы ұзын болғанын айтады. Адольф Шлагинтвейттің 
шабылған басы Уәлихан төренің бұйрығымен жазаланғандардың бас сүйегінен 
орнатылған пирамиданың ең төбесіне қойылған. Бұл оқиға 1857 жылдың тамыз 
айында болған. Арада көп уақыт өтпей жергілікті халық пен әскер Уәлихан 
қожаның қанышер қылықтарын көтере алмайтынын түсінеді... Сөйтіп, 
Уәлихан төре Қоқанға қашты, ал қытайлықтар көтеріліс жасаған халықты 
қайтадан билеп-төстеп, көп адамды жазалап, қаталдық танытты. Қашғарда 5 
айдай болған Шоқан Уәлиханов 1859 жылы сәуірде қызықты мәліметтермен 
кері қайтып, 1860 жылы Петерборға келді. Ол жерде Географиялық қоғамның 
мүшелігіне алынып, П.П. Семеновтың жетекшілігімен Қырғыз даласы тура-
лы жинаған мол географиялық, этнографиялық және тарихи материалдарын 
өңдеуге кірісті. Бұған қоса Петербор университетінен дәріс тыңдау арқылы өз 
мағлұматтарын толықтыруға тырысты. Француз және неміс тілдерін меңгерген 
Уәлиханов Орталық Азияға қатысты нәрсенің бәрінде тамаша қабілеттілік 
танытты. Уәлихановтың “Жоңғария очерктері”, “Алтышардың жағдайы” 
атты тамаша мақалалары 1861 жылы жарық көрген “Императорлық орыс 
географиялық қоғамының жазбалары” жинағында жарияланды. Өкінішке 
орай, Уәлихановтың әлсіз денсаулығы Петербор ауа райын көтермеді; ...1865 
жылы өкпе дертінен дүние салды. Оның Қашқар сапарының соңғы беттерін 
1868 жылы Қоғамның “Известиясында” барон Ф.Р. Остен-Сакен басып 
шығарды.
Шоқан Уәлиханов. Шығармалар жинағы. 1-том. Алматы, 1985.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет