8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Оқулық XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының  саясаты. 35–38 беттер. Тірек сөздер



Pdf көрінісі
бет16/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Оқулық
XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының 
саясаты. 35–38 беттер.
Тірек сөздер: Әбілқайыр хан, Нұралы, Орта жүз, Хиуа хандығы, Батыр 
сұлтан, Барақ сұлтан, 
ресурстар: 
1. Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – 
Т.3. – Алматы: Атамұра, 2002. – 150-179 бб.
сабаққа дайындық: XVIII ғасырдың 30-40-жылдарындағы Кiшi және 
Орта жүздiң жағдайын талдай отырып, Әбілқайыр ханның саяси ықпалының 
өсуі мен оның Ресеймен қарым-қатынастарындағы өзгеріс тердің себептерін, 
жалпы Ресей билігін мойындауының тарихи маңызы ту ралы білім беру.
XVIII ғасырдың 40-жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделi 
кезеңнің сипатын ашып көрсете отырып, Ресейдiң құрамына қосылғанымен 
Кiшi жүздiң жағдайының түзелмеуінің себептерін, Әбілқайыр ханның Ресей-
мен қарым-қатынасындағы бастапқы ұстанымының өзгеруінің себептерін, 
оның Орта жүзде де ықпалының артуының барысын талдай отырып, қазақ 
тарихындағы күрделі кезең туралы оқушылардың танымын кеңейту, тарихи 
талдау дағдыларын қалыптастыру. 


15
сабақтың деректі материалдары: Карта, тарихи суреттер, тірек-кестелер 
мен тарихи құжаттардан үзінділер берілген слайд. 
сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: Сабақты ұйымдастыру бары-
сында тарихи экскурсия, сауалнама, технологиялық ақпараттылық әдістерін 
пайдалану керек. 
сабаққа қатысты ескертпелер: қазақ халқының саяси дамуындағы күрделi 
кезең болып саналатын XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүз бен Орта 
жүздің саяси жағдайын түсіндіру үшін Орынбор шекаралық комиссиясының 
жаңа төрағасы И.И.Неплюевтың жеке тұлғасы мен қазақ жеріндегі саясатын 
талдауға назар аудару қажет. 
сабақтың барысы. Сабақты XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші 
және Орта жүздегі саяси жағдайдың күрделі болғандығынан бастау керек. 
Жоңғар шапқыншылығының толық аяқталмауы мен Ұлы жүздің шын 
мәнінде жоңғарлар қол астында қалуы жағдайында парсы билеушісі Нәдір 
шах тарапынан туындағын жаңа басқыншылық соғыс қаупі, Ресейдің саяси 
жағдайды қаншалықты күрделендіре түскендігін түсіндіру керек. Осы орайда 
материалдың күрделілігін ескере отырып, оқушыларды жаңа сабақты игеру 
үшін 4 топқа бөліп, өз беттеріне тапсырмалар беру қажет. 1-топ алдын ала 
дайындалған жоспар бойынша XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүздегі 
саяси жағдайды талдайды. 2-топ Әбілхайыр ханның Орта жүздегі ықпалының 
өсуінің себептерін көрсетуі керек. 3-топ Әбілқайыр ханның саясатындағы 
өзгерістерді талдаса, 4-топ Әбілқайыр ханның өлімі мен оның жалпы Ресейге 
қатысты ұстанған саясатының нәтижелерін талдауға бағытталуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет