8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет17/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Білімді бағалау мүмкіндіктері. Мұғалім алдын ала дайындалған жо-
спар бойынша сыныпты бірнеше топқа бөліп, оларға арнайы дайындалған 
сұрақтар қояды. Әр сұраққа жауап берген оқушының жауабын өзге топтың 
оқушыларының толықтыруын сұрайды. 
Қосымша тапсырма оқулық мәтінімен және хрестоматияда берілген қо-
сымша материалдармен жұмыс.
§ 11. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы
саяси жағдайдың асқынуы
сабақтың мақсаты: 7.3.1.2. – қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын 
талдау. 
7.3.2.2. – қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау. 
зерттеу сұрағы: Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайының шиеленісуінің 
салдары қандай болды? 
Оқулық
ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы саяси жағдайдың 
асқынуы. 39–41 беттер.
Тірек сөздер: 
Алтай тау-кен орындары, Лама-Доржи, Әмірсана, маньчжур-
қытай әскерлерi 
ресурстар: 
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3. 
– Алматы: Атамұра, 2002. – 150-179 бб.
сабаққа дайындық: XVIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап жоңғар 
шапқыншылығының қайта күшеюінің себептері, патша үкіметінің қазақ-


16
жоңғар соғыстары барысындағы ұстанған саясатының сипаты туралы білім 
беру. Орталық Азия аумағындағы күшті көшпелі мемлекеттердің бірі – 
Жоңғар хандығының мемлекет ретінде тарих сахнасынан жойылып кетуінің 
ащы сабақтары, бұл оқиғаның қазақ елінің геосаяси жағдайына тигізген әсері 
туралы пікір өрбіте отырып, оқушылардың сыни ойлау мен тұжырым жасау 
қабілеттерін дамыту. 
Ресейдің отарлау саясатының күшейе тусуіне қазақ билеушілерінің ішкі 
алауыздығы қалай әсер еткендігін көрсету, Нұралыны хан сайлаудың патша 
тарапынан ұйымдастырылуы және бекітілуі, оны орыс патшасына толық 
тәуелді еткендігін көрсету арқылы оқушыларға тарихи оқиғаларды кешенді 
қарастыру мен олардың сабақтастығын айқындай білу қабілеттерін дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет