8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет22/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
сабаққа қатысты ескертпелер: Абылайды хан сайлау тұсындағы қазақ 
хандығының ішкі-сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне назар аудару керек. 
Абылайдың үш жүздің игі жақсыларының ата дәстүрімен хан сайлау рәсімін 
өткізудің қазақ қоғамы, оның тәуелсіздігі мен бірлігі жолындағы рөлінің 
маңыздылығын атап өту қажет. 
сабақтың барысы. Қытайдың басқыншылық саясатына дипломатиялық 
жолмен шектеу қойған Абылай енді елдің ішкі мәселелерімен айналысып 
Орта жүзде ғана емес, Кіші жүзде де, Ұлы жүзде де ел сыйлайтын ықпалды 
тұлғаға айнала бастағандығын көрсету керек. Одан әрі Ұлы жүзде Абылайдың 
билігін нығайта түсуіне байланысты оның 50-жылдардың соңында және 
60-жылдардың басында қырғыз-қазақ қатынасына араласуға мәжбүр болғанын 
көрсету керек. 
Арада бірнеше жыл өткенде ғана Абылайдың табанды, көпқырлы 
саясатының нәтижесінде қырғыздардың қаупі азайып, ендігі жерде Ұлы жүз 
қазақтары да Абылайды өздерінің ханы ретінде ашық мойындап, оған қолдау 
жасағандығын түсіндіреді. Одан әрі Түркістанды билеп отырған Абылайдың 
ағасы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, Абылайды қазақ ханы етіп сайлауға 
барлық жағдай жасалғанын, нәтижесінде 1771 жылдың күзінде Үш жүздің 
өкілдері жан-жақты ақылдасып, жаңа ханды сайлау үшін Түркістан қаласына 
жиналып, Абылайға Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Кіші жүз қазақтарының 
біраз билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері жан-жақты қолдау 
көрсеткенін тарихи құжаттарды талдау арқылы түсіндіруге болды. 
Білімді бағалау мүмкіндіктері: Оқушылардың білім деңгейін бағалауда 
Абылай 1771 жылы жалпы халықтың ханы ретінде мойындалып, қазақтар 
оны ақ киізге отырғызып хан көтеруі, жалпы Абылайдың хан сайлануы, шын 
мәнінде Қазақ хандығының біртұтастығының және бірлігінің қалпына келуі 
екендігін игеруіне назар аудару арқылы тұжырымдалуы тиіс. 
Қосымша тапсырма. Абылайдың Үш жүзге хан болып сайлануының та-
рихи маңызы туралы шығарма дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет