Мақсаттыайқындау Ресей империясының оңтүстік Қазақстанды отарлауының алғышарттарын,
Үндістанда орнығып алған ағылшын үкіметінің қолдауына сүйенген Орта
Азия хандықтарының Ресейге қарсы әрекеттерін, қазақ жерін Ресейдің қалай
бағындырғанын көрсету.
Дамытушылық маңызы. Ресейдің Қазақстанды жаулау әрекеттерінің
өрістеп кетуіне мүмкіндік берген ахуалды талдай отырып, Қазақстан бүгінгі
күні де Ұлы империяларға көрші орналасқандықтан осы мемлекеттермен
қарым-қатынаста тарих тәжірибесін ескеруі тиіс екендігін оқушыларға
түсіндіру.
Тәрбиелік маңызы. Ресейдің отарлау барысында Оңтүстік Қазақстандағы
халық мүддесін қорғаған тарихи тұлғалардың іс-әрекетінің негізінде
оқушыларды халықшылдыққа, ел мүддесіне қызмет етуге тәрбиелеу.
сабақтың деректік материалдары Мұғалім оқушыларға Ресейдің Оңтүстік Қазақстанға отаршылдық
саясатының себептерін түсіндіреді. Қоқан хандығының қарсылығына бай-
ланысты Жетісуда Верный бекінісінің салынуының қолға алынғанын, бұл
бекіністің Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресей қол
астына қарауын тездеткенін, кейіннен осы бекіністің аумағында Алматы
қаласының бой көтергенін, Қазақстанның Ресейге қосылуының салдарла-
рын және Ресей тарапынан қазақ жерін әскери отарлаудың күшейе түскенін
нақты дәлелдермен түсіндіреді. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.
Алғашқы топ Ресей әкімшілігінің Оңтүстік Қазақстанды отарлауына қарсы
Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтарының ағылшын үкіметінің қолдауына сүйеніп
жасаған әрекеттерін тезис түрінде жазып шығады. 2-топ Верный бекінісінің
салынуы және оның отаршылдықты күшейтудегі рөлін осы маңда бой көтерген
елдімекендердің – Үш Алматы елді мекенінің арғы тарихтан бастау алып және
Верный бекінісіне жалғасатын тарихын Верный және Алматы қаласының
тарихы туралы деректер негізінде баяндайды. Мұндайда оқушылар Алматы
қаласының 2000 жылдығына байланысты ғылыми-теориялық конференция
материалдарын пайдаланады. 3-топ Әбілқайыр хан бастап қол қойған 1731
жылғы орысқа бодандыққа қарау туралы құжаттардың мазмұнын және
Ресейдің Қазақстанды толық бағындыруының нәтижелері мен салдарларын
көрсетіп тезистер жазады.