8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет61/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Қосымша тапсырма 
1. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орын-
дап келуді тапсырады.
2. Оқушылар Ұзынағаш шайқасын сипаттайтын эссе жазып әкеледі.
2-сабақ. ресей империясының қазақ жерін отарлау
саясатының себептері және салдарлары
сабақтың мақсаты.
7.3.2.2 — Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.
зерттеу сұрағы
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының 
ерекшеліктері қандай?


57
Оқулық
Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. 
128–134 беттер.
Тірек сөздер:  бодандық, «қай жеңгенің менікі».
ресурстар
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 
тарихы. 1943 жылғы басылым). — Алматы, 2012.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы» (М.Жолдасбекұлы, 
Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан 
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы, 
2016. 
Көрнекілік
Ресейдің Қазақстанды отарлау кезеңдерін көрсететін карта. Оқулықтың 
128,134 беттеріндегі суреттер.
Мақсатты айқындау
Ресей империясының
 
Қазақ жерлерін отарлауды көздеген саясатының 
орыс жері Мәскеу төңірегіне шоғырлана бастаған ХҮ ғасырдың орта шенінен-
ақ қолға алына бастағанын, ал мұның өзі І Петр патшаның ХҮІІІ ғасырдың 
бірінші ширегіндегі шығыс саясатында басты мәнге айналғанын, Ресейдің 
қазақ мемлекеттігін жоюды көздеп, Жоңғар шапқыншылығы орын алған 
тұста екі көшпелі мемлекеттің соғыстарын бақылаушы рөлін атқарып, «қай 
жеңгенің менікі» деген бейтарап саясатты ұстанғанын, 1731 жылғы Кіші 
жүздің Ресейге кіру саясатын қазақ жерін құқықтық тұрғыдан заңдастыра 
жаулау негізі ретінде қарастырғанын, оның үстіне Ұлы жүздің Қоқан бас-
қын шылығынан құтылу үшін Ресей бодандығын амалсыз қабылдағанын 
түсіндіру. Сонымен қатар Ресейдің қазақ жерін отарлауы қазақ елін ұзақ 
мерзім тәуелсіздіктен айырылуға алып келгенін, оқу, білім және мәдениет 
саласында мұндай бодандықтың жақсы да жағымды жақтары бола тұрса да, 
е
ркінен айрылған елдің отарлық езгіге түсуі мұны ақтай алмайтынын нақты 
дәлелдермен айтып оқушыларға ұғындыру
.
Дамытушылық маңызы. 
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда ұлт мәселесіне бай-
ланысты орын алып отырған кейбір қиыншылықтардың шын мәнінде баста-
улары Ресей отаршылдығы болып табылатынын оқушыларға нақты баяндау.
Тәрбиелік мақсаты. 
Тәуелсіздік баға жетпес құндылық болып табыла-
тынын, мұны тіптен қазақтардың басқаға отар болған тұстағы ағарту және 
мәдениет саласындағы жетістіктерімен де ауыстыра алмайтындығымызды 
айта отырып, жастарды тәуелсіз елдің патриот азаматы ретінде қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет