8
нәтижесінде жаудың түпкілікті жеңілмеуі болашақтағы қасіретті жылдарға
алып келгендігін терең түсіндіреді.
Бағалу мүмкіндіктері:
Жоғарыда көрсетілген негізде білім алған оқушылар төмендегідей сұрақтар
негізінде қорытынды жасайды. Жауаптарды «серпілген сұрақ»
тәсілімен
ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс бойынша оқушылардың төменде берілген
сұрақтарға жауаптарын одан әрі толықтыруға мүмкіндік беріледі. Мысалы:
«Айжан, Рауанның жауабын қалай толықтыратын едің?», «Санат, барлық
сұрақтарға берілген жауаптарды қалай қысқа қорытындылауға болады?»
және с.с.
1. Жоңғар шапқыншылығының күшеюінің басты себептері неде?
2. Қарақұм жиналысында қандай шешім қабылданды?
3. Қарақұм жиналысындағы азаттық күресті ұйымдастыру туралы бастама
көтерген тарихи тұлғалардың қызметін қалай бағалайсыңдар?
4. Қарақұм жиналысындағы шешімнің нәтижесінде қазақ қолы қандай
жетістіктерге жетті?
5. Аягөз шайқасындағы қазақ қолының жеңісі толық болды ма? Өз
пікіріңді дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: